Новости

Национальный институт интеллектуальной собственности

Алматы қ. «Зияткерлік меншік объектілерін құқықтық қорғау, пайдалану. Шетелдік патенттеу» тақырыбында оқыту семинары

24 мая, 2016
2016 жылдың 30 мамырында Алматы қ. «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК филиалының Оқу орталығы «Зияткерлік меншік объектілерін құқықтық қорғау, пайдалану. Шетелдік патенттеу» тақырыбында оқыту семинарын өткізеді.
Семинарда зияткерлік меншік мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамалық актілері, «Шапағат» байқауы туралы, тауар таңбаларын құқықтық қорғау, өнеркәсіптік үлгі түсінігі, өнеркәсіптік меншік объектілеріне құқықтарды пайдалану.
Семинарда ҰЗМИ филиалының білікті қызметкерлері дәріс оқиды.
Семинар аяқталған соң ҰЗМИ филиалының мамандары семинар барысында қарастырылған өнеркәсіптік меншік объектілерін қорғау бойыншакеңес береді.
Семинардың басталу уақыты 2016 жылдың 30 мамыр, сағат 10.00-де.
Семинар бағдарламасы мен өтінім формасы аталған хабарлама қосымшасында берілген.
Семинарға қатысу тегін.
Барлық қызығушылық танытқан тұлғаларды семинарға шақырамыз.
Семинар өтетін жер: 050002, Алматы қ-сы, Абдуллиндер к-сі 6/1 (Жібек жолы көш. бұрышы), «ҰЗМИ» филиалының Оқу орталығы.
Семинарға қатысу өтінімін жоғарыда көрсетілген адрес бойынша немесе 8(727) 397-73-76 факсі арқылы, немесе edu.center@kazpatent.kzэлектрондық поштасына жіберуге болады.
Заявка
Программа