Новости

Национальный институт интеллектуальной собственности

slide

2016 жылдың 14 маусымында «ҰЗМИ» РМК Алматы қ. филиалындағы семинар

21 июня, 2016
2016 жылдың 14 маусымында «ҰЗМИ» РМК Алматы қ. филиалының Оқу орталығы «Қазақстан-Ресей медициналық университеті» КеББМ-де «Зияткерлік меншік мәселелері бойынша ҚР заңнамалық актілері мен халықаралық конвенциялар. Өнертабыстар мен пайдалы модельдерді құқықтық қорғау. «Шапағат байқауы туралы» тақырыбында көшпелі оқыту семинарын өткізді.
Өнертабыстар бойынша патенттік зерттеулер басқармасының бас сарапшысы Л.Г.Джаманшалова келесідей тақырыптар бойынша дәріс оқыды: «Зияткерлік меншік мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының территориясында заңды күші бар халықаралық конвенциялар (шарттар, келісімдер) мен ҚР-ң заңнамалық актілері. ҚР-ң Патенттік заңындағы өзгерістерге сәйкес өнертабыстар мен пайдалы модель өнеркәсіптік меншік объектісі ретінде»; Оқу орталығының басшысы Ә.А.Әбділданова: «Қазақстан Республикасында өнертапқыштықты ынталандыру» тақырыбында өнертапқыштық саласындағы жетістіктердің «Шапағат» Республикалық байқауы жайында хабар берді.
Семинар тыңдаушылары (университеттің профессорлық-оқытушылық құрамы) «Шапағат» Республикалық байқауына қатысу, «халықаралық патент» сияқты қорғау құжаты түрі бар ма, КСРО авторлық куәліктерінін ҚР патенттеріне ауыстыру мүмкін бе сынды сұрақтарына жауап алды.
Семинар аяқталған соң «ҚРМУ» КеББМ Ғылым бойынша департаметінің директоры А.Т. Маншарипова мазмұнды дәрістері үшін лекторларға алғыс айтып, алдағы уақытта да жемісті ынтымақтастыққа ниет білдірді.