Новости

Национальный институт интеллектуальной собственности

Анонс. 2016 жылдың қыркүйек айының 19 және 23 аралығында Алматы қ. патенттік сенім білдірілген өкілдерінің тағылымдамасы өткізіледі

01 августа, 2016
2016 жылдың қыркүйек айының 19 мен 23 аралығында Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Ұлттық зияткерлік меншік институтының Алматы қ. филиалының Оқу орталығы ҚР патенттік сенімді өкілдеріне «Қазақстан Республикасында өнеркәсіптік меншік объектілерін құқықтық қорғау мен сақтау» тақырыбында тағылымдама өткізеді.
Тағылымдама ҚР-ң патенттік сенімді өкілдеріне және ұйымдардың патенттанушыларына арналған.
Тағылымдаманы 5 жұмыс күні ішінде өткізу жоспарланып отыр. Осы аралықта теориялық мәселелер қарастырылып, сондай-ақ тәжірибелік сабақтар өткізіледі.
Лекторлар – «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК Алматы қ. филиалының тәжірибелі сарапшылары.
Тағылымдама бағдарламасы мен өтінім формасы аталған хабарлама қосымшасында берілген.
Аталған шараға қатысуға патенттік сенімді өкілдер мен ұйымдардың патенттанушыларын шақырамыз. Тағылымдамаға қатысу тегін.
Өткізілетін орны: 050002, Алматы қ-сы, Мүслім және Ришат Абдуллиндер к-сі 6/1 (Жібек жолы көш. бұрышы), «ҰЗМИ» филиалының Оқу орталығы.
Семинарға қатысу өтінімін жоғарыда көрсетілген адрес бойынша немесе 8(727) 397-73-76 факсі арқылы, немесе edu.center@kazpatent.kzэлектрондық поштасына жіберуге болады.
Заявка
Программа