Национальный институт интеллектуальной собственности
2018 жылдың 14 мен 15 қыркүйегінде «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК Алматы қ. филиалында зияткерлік меншік саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасындағы өзгерістер бойынша «ҰЗМИ» РМК, қызығушылық танытқан тұлғалар мен ұйымдардың өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел және тәжірибелік сабақтар өтеді.
Шараның басталу уақыты: 2018 жыл 14 қыркүйек, сағат 15.00-де; 2018 жыл 15 қыркүйек, сағат 10.00-де.
Өтетін орны: Алматы қ-сы, Мүслім және Ришат Абдуллиндер к-сі 6/1 (Жібек жолы көш. бұрышы).
Дөңгелек үстелге қатысу туралы сұрақтар бойынша «ҰЗМИ» филиалының Оқу орталығына, тел.: 8 (727) 344-30-00, 344-30-22 телефоны бойынша немесе edu.center@kazpatent.kz электрондық поштасына хабарласуға болады.