Национальный институт интеллектуальной собственности
2018 жылдың 14 мен 15 қыркүйегінде «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК Алматы қ. филиалында зияткерлік меншік саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасындағы өзгерістер бойынша «ҰЗМИ» РМК, қызығушылық танытқан тұлғалар мен ұйымдар өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел және тәжірибелік сабақтар өтті.
14 қыркүйекте дөңгелек үстелге «ҰЗМИ» РМК-ң департамент және басқарма басшылары, «ҰЗМИ» РМК филиалының басшылығы мен бөлімше басшылары, ҚР-ң патенттік сенімді өкілдері, Алматы қ. ӘД-і мен ІІД-ң өкілдері, ЖОО, ҒЗИ және жеке ұйымдардың патент танушылары қатысты.
Кездесу барысында «ҰЗМИ» РМК-ң департамент және басқарма басшыларының зияткерлік меншік саласындағы заңнамадағы өзгерістер туралы баяндамалары тыңдалды. Бір деңгейлік жүйеге ауысуға орай өнеркәсіптік меншік объектілеріне өтінімдерді беру рәсімдері, қызметтерді көрсету мерзімдері, сенімхат пен төлем туралы құжатты ұсынуға қатысты және т.б. сұрақтар қойылды.
Барлық баяндамалар тыңдалған соң, айтылған тақырыптар бойынша ортақ талқылау болып өтті.
Шара соңында қатысушылар дөңгелек үстелді ұйымдастырып, зияткерлік меншік саласындағы заңнамадағы өзгерістер туралы берілген ақпарат үшін институт басшылығына, қызметкерлеріне алғыс айтты.
15 қыркүйекте филиалдыңқұрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлері мен қызығушылық танытқан тұлғалардың қатысуымен өнеркәсіптік меншік объектілеріне өтінімдерді толтыру, беру және қорғау құжаттарын алу рәсімдері бойынша тәжірибелік сабақтар өткізілді. Әрбір қатысушының нақты объектілер бойынша сұрақтар қойып, тәжірибелік мысалдар арқылы жауап алуына мүмкіндігі болды.
Тәжірибелік сабақтар аяқталған соң қатысушылар өнеркәсіптік меншік объектілеріне өтінімдерді беру тәртібі бойынша кеңінен түсіндірліп берілген ақпарат үшінөз ризашылықтарын білдірді.