Новости

Национальный институт интеллектуальной собственности

2018 жылдың 4-5 қазанында «Авторлық және сабақтас құқықтар: сот (арбитраж) тәжірибесінің өзекті проблемалары» екінші халықаралық конференциясы болып өтті

11 октября, 2018

Ұйымдастырушылар ретінде «Аманат» авторлық және сабақтас құқықтарды қорғау бойынша коммерциялық емес ұйымы» жекеменшік мекемесі және «Братусь, Сагадиев, Демеубаев и Партнёры» заң фирмасы мұрындық болды.

Аталған конференцияда жақын шет елдерінің құқықтарды ұжымдық басқару бойынша ұйымдарының, CISAC, SCARP өкілдері, ғылыми қызметкерлер, тәжірибеден өтіп жүрген заңгерлер, арт-индустрия өкілдері, мемлекеттік органдардың өкілдері және басқалар қатысты. «ҰЗМИ» РМК атынан филиал директоры З.О. Орынбекова мен Оқу орталығының бас маманы Б.О. Назаров қатысты.

Келесідей тақырыптар бойынша баяндамалар жасалды:

- авторлық және сабақтар құқықтарды қорғау бойынша қазақстандық сот тәжірибесінің жалпы проблемалары;

- авторлық және сабақтас құқықтарды ұжымдық басқару ұйымдарының сот істеріне қатысуы: үрдістер мен келешегі;

- авторлық құқықтарды қорғау және сот тәжірибесі бойынша Италия, Польша, Сербия, Армения, Молдова, Ресей елдерінің ұжымдық басқару ұйымдары өкілдерінің баяндамалары және басқалар.

Баяндамалар жасалып біткен соң жоғарыда аталған тақырыптар бойынша талқылау өтіп, баяндамашылар қатысушылардың сұрақтарына жауап беріп, пікір алмасты.

Кездесу соңында ұйымдастырушылар шараға қатысқан барлық тыңдаушыларға алғыс айтып, ал қатысушылар өз кезегінде осындай кездесуді өткізген ұйымдастырушыларға ризашылықтарын білдірді.