Новости

Национальный институт интеллектуальной собственности

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

22 октября, 2018

Құрметті Алматы қаласының қызмет алушылары!

Сіздерге 2018 жылдың 1 қарашасынан бастап Алматы қ-сы, Мүслім және Ришат Абдуллиндер к-сі, 6/1 үй мекен-жайы бойынша орналасқан құжаттарды қабылдау пункті өз жұмысын тоқтататынын хабарлаймыз.

Барлық қағаз корреспонденцияны «ҰЗМИ» РМК-на мына мекен-жай бойынша жіберу қажет:

Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қ., Корғалжын тас жолы, 3Б ғимараты.

Зияткерлік меншік объектілерін тіркеу туралы өтінімдер интернет арқылы электронды үкімет порталы және «ҰЗМИ» РМК сайты бойынша қабылданатынын назарларыңызға саламыз.

Электронды өтінім беру 24/7 форматында қол жетімді және 15% көлемінде жеңілдік береді. Электронды өтінімдер бойынша барлық қатынасхаттар жеке кабинет арқылы жүргізіледі.

Алматы қаласындағы «ҰЗМИ» РМК филиалы электронды сервистерді пайдалану арқылы өтінімдерді рәсімдеу және беру бойынша тегін оқыту қызметін көрсетеді. Оқыту жұмыс күндері сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін келесі 344-30-00 телефоны бойынша алдын-ала жазылу арқылы жүргізіледі.

Біздің қызметтерді пайдаланғандарыңыз үшін алғыс білдіреміз!