Национальный институт интеллектуальной собственности
2018 жылдың ішінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі мен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК «Шапағат» республикалық форум – байқауы алаңында (http://shapagat.kazpatent.kz) үш республикалық конкурстарын: N.Nazarbayev Fund Schools Challenge, «Шапағат» өнертапқыштар байкауын және оқушылар арасында «Болашақ сенің қолыңда: ойлан тап та жасампаз бол» үздік эссе конкурсын ұйымдастырып өткізді.
N. Nazarbayev Fund Schools Challenge бірінші байқауы ағымдағы жылдың 24-26 шілдесінде Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының қамқорлығымен Назарбаев Университетінде өткізілді. Оған Қазақстанның барлық облыстарынан және Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан 85 оқушы қатысты.
Іріктеу турларын Крэнфилд университетінің (Ұлыбритания) аэроғарыштық жарыстар бойынша мектеп өкілдері: Ян Холлингворт, Фрэнк Юкэс және Грэм Старк жүргізді. Қазылар алқасының құрамына «Samruk – Kazyna Trust» Корпоративтік қорының және «Эйр Астана» Ұлттық тасымалдаушысының өкілдері кірді.
Соңғы үш күндік турлардың қорытындысы бойынша Ақтөбе және Қызылорда облыстарынан келген командалары, сондай-ақ Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан және әрбір облыстық командаларынан оқушылар жеңімпаз атанды. Финалистерге жүлде ретінде Ұлыбританияға Крэнфилд университетіне оқу-танымдық сапар шеңберінде 2018 жылдың 19-26 тамыз аралығында бару мүмкіндігі ұсынылды.
Конкурстың бас серіктестері «Samruk – Kazyna Trust» Корпоративтік қоры және «Эйр Астана» Ұлттық тасымалдаушысы болды.
«Шапағат» өнертапқыштар екінші Республикалық онлайн-байқауы 2018 жылдың 26 сәуірінде Халықаралық зияткерлік меншік күні басталды. 26 тамызға дейін қатысушылар патенттелген өнертабыстар, пайдалы модельдер мен өнеркәсіптік үлгілер туралы өздерінің бейнероликтерін ұсынды.
Екінші жыл қатарынан конкурс жаңа форматта өткізіледі,жеңімпаздар онлайн-дауыс беру арқылы анықталады.
Конкурстың қорытындысы 2018 жылғы 12 қазанда жарияланды.
Ең көп дауыс жинаған бес өнертапқыш жеңімпаз деп танылды.
Оқушылар арасында «Болашақ сенің қолыңда: ойлан тап та жасампаз бол» үздік эссе үшінші Республикалық конкурсы 2018 жылдың 4 қыркүйегінде басталды. Байқаудың мақсаты-оқушылар арасында шығармашылық белсенділікті ынталандыру, зияткерлік меншік саласындағы білімді насихаттау және тарату, өсіп келе жатқан ұрпаққа патенттік мәдениеттің негіздерін дарыту. Бұл байқауға 8-11 сынып оқушылары қатысты. Барлық республикадан байқауға мемлекеттік, орыс, ағылшын тілдерінде 500-ден астам эссе түсті. 2018 жылғы 19 қазанда конкурстың қорытындысы шығарылды. Жүлделі орындар комиссия мүшелерінің онлайн-дауыс беру шешімімен жеті оқушы арасында бөлінді.
Байқау туралы толық ақпарат, оның ішінде фотоесептер мен жеңімпаздардың аттары «Шапағат» форумының сайтында орналасқан (http://shapagat.kazpatent.kz).
2018 жылғы 31 қазанда Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорында «Шапағат»республикалық форумының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өткізулуде. Бұл іс-шараға барлық тілек білдірушілерді шақырамыз. Қатысу үшін байланыс телефондары: 8 (7172) 621512, 621513, 621542.