Национальный институт интеллектуальной собственности
2018 жылдың 06 қарашасында «ҰЗМИ» филиалының Оқу орталығы С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-де «Патенттік-ақпараттық іздеу жүргізу. Іздеу жүргізу әдістемесі» тақырыбында вебинар өткізді.
Лектор ретінде «ҰЗМИ» филиалының Өнертабыстар бойынша патенттік зерттеулер басқармасының бас сарапшысы Ш.Ж. Әлімбеков дәріс оқып, патенттік-ақпараттық іздеу жүргізу, іздеу жүргізу әдістемесі, ақпарат көздері, ҚР деректер базасы мен шетелдік деректер базасында іздеу жүргізу туралы айтып берді.
Қатысушылар шетелдік деректер базаларына қол жеткізудің түрлері, табылған құжаттарды аудару мүмкіншіліктері және www.kazpatent.kz сайтындағы ұсынылған құжаттардың толықтығы турасында сұрақтар қойды.
Аталған вебинарға ғылыми қызметкерлері қатысты.
Вебинар соңында университет өкілі Г. Ердесбай берілген ақпарат үшін лектор мен ұйымдастырушыларға алғыс айтты.