Новости

Национальный институт интеллектуальной собственности

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

07 ноября, 2018

2018 жылдың 22 қарашасында Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Ұлттық зияткерлік меншік институты филиалының Оқу орталығы (ҰЗМИ филиалы) «Зияткерлік меншік объектілерінің түсінігі, оларды қорғау және сақтау» тақырыбында оқыту семинарын өткізеді.

Аталған семинардың мақсаты – мүдделі тұлғалардың білімін арттыру және зияткерлік меншік саласындағы кейбір заңнамалық актілерге енгізілген өзгерістер мен толықтырулар бойынша түсініктеме беру.

Шараға лектор ретінде Алматы қ. ҰЗМИ филиалының бөлім басшылары және бас сарапшылары дәріс оқитын болады.

Семинар барысында келесідей мәселелер қарастырылатын болады:

  • Өнертабысқа патент алуға арналған өтінімге қойылатын талаптар. Өнертабыстың патентке қабілеттілік шарттары. Өнертабысқа патент алу құқығы;
  • Тауар таңбаларының, қызмет көрсету таңбаларының түсінігі және түрлері. Ең көп таралған тауар белгілері;
  • Өнеркәсіптік үлгіге патент. Жаңалық ұғымы және өнеркәсіптік үлгінің түпнұсқалығы;
  • Авторлық құқық объектілерін тіркеу.

Семинардың басталу уақыты: 2018 жыл 22 қараша, сағат 10.00-де.

Семинар бағдарламасы мен өтінім формасы көрсетілген хабарлама қосымшасында берілген. Өтінімдер ағымдағы жылдың 19 қарашасына дейін қабылданады.

Семинарға қатысу тегін.

Қызығушылық танытқан барлық тұлғаларды семинарға шақырамыз.

Семинар өтетін жер: 050002, Алматы қ-сы, Ришат және Мүслім Абдуллиндер к-сі 6/1 (Жібек жолы көш. бұрышы), «ҰЗМИ» филиалының Оқу орталығы.

Семинарға қатысу өтінімін жоғарыда көрсетілген мекенжай бойынша немесе edu.center@kazpatent.kz электрондық поштасына жіберуге болады.

Семинарға қатысты сұрақтар бойынша «ҰЗМИ» филиалының Оқу орталығына 8(727) 344-30-07 және 344-30-00 телефондары бойынша хабарласуға болады.

bagdarlama.docx