Национальный институт интеллектуальной собственности
2019 ж. 14 - 15 ақпанда Қарағанды қ. жоғарғы оқу орнындарында зияткерлік меншік объектілерін құқықтық қорғау және сақтау сұрақтары бойынша оқу семинарлары өтті. «ҰЗМИ» РМК спикерлері, атап айтқанда, департамент пен басқарма басшылары және сарапшылары А. Артыкова, А. Тринколенко, С. Умбетова, А. Казиева, Л. Салкен, Д.Нығметов және А. Тайшева зияткерлік меншік саласында ҚР заңнамасындағы соңғы өзгерістері, «ҰЗМИ» РМК қызметтері, айрықша құқықтардың мәні жайлы, өнертабыстар мен пайдалы модельдерді патенттеу, авторлық құқықты тіркеу, айрықша құқықтарды іске асыру және дараландыру құралдарын заңды қорғау мәселелері бойынша сөз сөйледі.
1950 жылы негізі қаланған Қарағанды мемлекеттік медициналық университеті Қазақстанның денсаулық қорғау саласында білікті мамандарын дайындайтын, сонымен бірге білім беру, ғылыми және емдеу – диагностикалық қызметтерді ұсынатын жоғары дәрежелі, жетекші медициналық ЖОО болып табылады. Семинар жұмысына университет студенттері, магистранттары мен мұғалімдері қатысты. Семинар қорытындысы бойынша ғылыми жұмыс жөніндегі проректор Анар Тұрмухаметова семинар ұйымдастырушыларына алғысын айтып, келешекте осындай семинарларды өткізуді жалғастыруға ниетін білдірді. Университет тарапынан өнертабыс пен пайдалы модельдерге 48 патент тіркелген (алдын ала патент, инновациялық патент).
1938 жылы негізі қаланған Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің миссиясызаманауи сапа стандарттарын, үздіксіз білім берудің көпдеңгейлі үлгісін, ғылыми зерттеулерді іске асыру, ғылыми, педагогикалық, кәсіби-тәжірибелік қызметті жүзеге асыру үшін іргелі білімі, инновациялық тәсілдері, зерттеушілік іскерлігі бар жаңа формациядағы бәсекеге қабілетті мамандарды дайындау арқылы көпсалалы классикалық білім саласындағы аймақтық көшбасшылықты сақтап қалу болып табылады. Сонымен қатар, семинарда Б. Бейсенов атындағы ҚР ІІМ Қарағанды академиясының өкілдері қатысты. Жалпы 50- ден артық университет магистранттары мен қатысушылары зияткерлік меншік саласында білім алды. Ғылыми жұмысжөніндегіпроректор Хылыш Омаров университет тарапында қызмет ететін коммерциалияландыру бөлімінің «ҰЗМИ» РМК-мен тығыз ынтымақтастыққа дайын екендігін айтып, нарыққа қажетті патенттелген өнертабыстар мен пайдалы модельдерді жылжытуға ниетін білдірді. Университет тарапынан өнертабыстар мен пайдалы модельдерге жалпы саны 99 патенттер тіркелген (алдын-ала патент, инновациялық патент).
Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті, ҚР-ның алғашқы Президентінің ЖОО, 1953 жылы құрылып, Орталық Қазақстанда қазіргі таңдағы білім, ғылым, инновация, өндіріс және бизнестің интеграциялануының негізіндегі әлеуметтік-экономикалық ортаның қажеттілігіне сәйкес бәсекеге қабілетті жоғары білімді білікті мамандарды даярлайтын инновациялық—даму типіне сәйкес университет негіздеуді мақсат етеді. Семинарға 80-нен астам қатысушы қатысты. Университет өнертабыс пен пайдалы модельге берілген 170 патенттің (алдын ала патент, инновациялық патент) иесі болып табылады.
Академик Е.К. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетіндегі семинардың қатысушылары |
Б. Бейсенов атындағы ҚР ІІМ Қарағанды академиясының өкілдері |
Қарағанды мемлекеттік техникалық университетіндегі семинардың қатысушылары |
"Ұлттық зияткерлік меншік институты" РМК спикерлері |