Новости

Национальный институт интеллектуальной собственности

2019 жылдың 12,13,14 наурыз күндері «Ұлттық зияткерлік меншік институты» Алматы қ. филиалында оқыту семинары өткізілді

14 марта, 2019

2019 жылдың 12,13,14 наурыз күндері «Ұлттық зияткерлік меншік институты» Алматы қ. филиалында «Өнеркәсіптік үлгілерді, тауар таңбалары мен тауар шығарылған жерлер атауларын құқықтық қорғау» тақырыбында оқыту семинары өткізілді.

Семинарға келесі ұйымдардың өкілдері қатысты: Елибаев ЖК, «CBS Partners» ЖШС, «М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті», «Шабалина и партнеры», «Water Oil Gas GROUP» ЖШС, «Қазақстан Республикасындағы терроризм мен экстремизм проблемаларын зерттеу орталығы» ҚҚ және т.б.

Семинардың негізгі бөлімі аясында өнеркәсіптік үлгілер, тауар таңбалары мен тауар шығарылған жерлер атаулары бойынша дәрістер оқылып, сонымен бірге белгілер бойынша ұқсастыққа және араласып кету деңгейіне дейінгі ұқсастыққа салыстырмалы талдау жүргізу, өнеркәсіптік үлгілер бойынша сот тәжірибесі, тіркелген өнеркәсіптік үлгілер бойынша сот дауларының мысалдары, авторлық құқық, зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарды пайдалану және зияткерлік меншік объектілеріне электронды өтінім беру мәселелері де сөз болды.

Теориялық материалмен қатар аталған объектілер бойынша тәжірибелік сабақтар да өткізілді.

Семинар барысында ҚР-ғы отандық тауар өндірушілерінің өкілдері А. Амантаева («Рахат» АҚ) мен Ж. Байгунова («ФудМастер» АҚ) өз саласындағы зияткерлік меншік объектілерін құқықтық қорғау мен сақтау бойынша тәжірибесімен бөлісті.

Семинар соңында қатысушыларға сертификаттар табысталды.