Национальный институт интеллектуальной собственности
2019 жылдың 20 наурызында Наурыз мерекесі қарсаңында Ұлттық зияткерлік меншік институтында салтанатты іс-шара өтті.
«ҰЗМИ» РМК директорының міндетін атқарушы Калия Батаева ұжымды жарқын мерекемен құттықтап, шығармашылық табыс пен гүлденуді, мықты денсаулық пен отбасыларда амандық тіледі.
Наурыз – жылдың басты мерекесі болып қазақтарғана емес, сондай-ақ көптеген Азия халықтарының тойланатын мерекесі. Бұл көктем мерекесі, табиғаттың жаңаруы, жаңа жылдың басы, жаңа өмір.
Институт қызметкерлері ғасырлар бойы мұра еткен дәстүрлер бойынша музыкалық-театрлық қойылымды дайындады. Ән мен биден басқа ұлттық «Қыз ұзату» қойылым көрсетілді.
«ҰЗМИ» РМК ұжымы барлық Қазақстандықтарды тамаша Наурыз мейрамымен құттықтайды, барлығына бейбітшілік, амандық, өзара түсіністік және бір-біріне құрмет, бақыт және көп қуаныш тілейді!
Наурыз мерекесін тойлау |
«ҰЗМИ» РМК директорының міндетін атқарушы Калия Батаеваның құттықтауы |
«Қыз ұзату» |