Новости

Национальный институт интеллектуальной собственности

slide
slide

Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ мен «ҰЗМИ» РМК өз күш-жігерін біріктіріп, университеттің ғалымдары мен өнертапқыштарының патенттік белсенділігін арттырудағы басты бағыттарды анықтады

19 апреля, 2019

2019 жылдың 18 сәуірінде Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде зияткерлік меншік объектілерін құқықтық қорғау мәселелері бойынша «ҰЗМИ» РМК өкілдерінің қатысуымен семинар өтті. Семинарды ғылыми-зерттеу жұмыстары жөніндегі Проректор, техника ғылымдарының докторы Гүлнар Мерзадинова ашып, өткізілген семинардың уақытылығы мен маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар, семинарға Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының авторыЖандарбекМалибеков; Коммерцияландыру бөлімінің басшысыСергейСмаилов; Инновациялық-патенттік қызмет бөлімінің басшысыЖаннұрҚасымханов; университеттің әкімшілік–басқару қызметкерлері мен профессор-оқытушылар құрамы қатысты.

Қалай және нені патенттеуге болады? Университет өнертапқыштары мен ғалымдарының өтінім беру статистикасы қандай? Экономиканың неғұрлым талап етілетін секторларына жауап беретін патенттеу бағытын анықтау кезінде университеттің коммерцияландыру бөлімі қандай негізгі трендтерді қолданады? Семинар барысында осы және басқа да мәселелер талқыланды, тараптар сондай-ақ патенттік өтінімдердің өсуін арттыру бойынша бірқатар ұсыныстар жасады.

Университет пен «ҰЗМИ» РМК арасындағы ынтымақтастық жалғасын табатын болады, қажет болған жағдайда «ҰЗМИ» РМК тарапынан өнертабысқа және пайдалы модельдерге патенттерге өтінімдерді ресімдеу кезінде кеңес беріледі.

Залдағы қатысушылардың пікірлері бойынша «ҰЗМИ» РМК қызметкерлерінің дәрісі өте қызықты, пайдалы және түсінікті болды.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының авторыЖандарбекМалибеков Техника ғылымдарының кандидаты,«Теплоэнергетика»кафедрасының меңгерушісіКамалханСакипов,ғылыми-зерттеу жұмыстары жөніндегі Проректор, техника ғылымдарының докторыГүлнарМерзадинова