Национальный институт интеллектуальной собственности
2019 жылы 25 сәуірде «Ғылым қоры» АҚ-да «Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру бойынша жобаларды гранттық қаржыландыруды іске асырудың практикалық аспектілері» тақырыбында оқыту семинары өткізілді тақырыбында оқыту семинары өткізілді.
«Инновациялық даму жағдайында ЗМ объектілеріне патент алу» тақырыбында «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК өнертабыстар, пайдалы модельдер және селекциялық жетістіктер Департаментінің физика және машина жасау саласындағы патенттік сараптама басқармасының бас сарапшысы Салтанат Умбетова баяндама жасады.
Өткізілген семинар барысында келесі мәселелер қаралды: коммерцияландыру бойынша жобаларды іске асыру рәсімі, жобаларды іске асыру барысында салық салу, технологияларды коммерцияландырудың практикалық аспектілері.
Семинар соңында қатысушылар барлық баяндамашылар мен ұйымдастырушыларға зияткерлік меншік мәселелері бойынша құқықтық түсіндіру жұмыстарын көрсеткендері үшін алғыстарын білдірді.