Новости

Национальный институт интеллектуальной собственности

ҰЗМИ дарынды жастарды қолдайды

16 мая, 2019

2019 жылы 15 мамырда «ҰЗМИ» РМК директорыЕрбол Оспановмектеп оқушылары арасындағы «Nazarbayev Fund Schools Challenge – 2018» байқауының финалисті Қызылорда қаласындағы облыстық «Білім-Инновация» лицей-интернатының 11 сынып оқушысы Евгений Демиденкоменкездесті.

2018 жылдың шілде айында байқаудың финалында Евгений және оның командасы Boeing 757 базасында ұшақты физикалық және дизайнерлік безендіруді қамтитын жаңа ұшақтың концептін ұсынды. Конкурстан кейін бұл жобаны Boeing американдық компаниясы сатып алды, және бүгін ол Ұлыбританиядағы Крэнфилд аэроғарыш университетінде іске асырылуда.

Байқауды жыл сайын Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі, Назарбаев Университеті, Ұлттық зияткерлік меншік институты және Крэнфилд университеті (Ұлыбритания) өткізеді. Байғқаудың серіктестері – «Samruk-KazynaTrust» корпоративтік қоры және «Air Astana» ұлттық әуетасымалдаушысы болып табылады. Байқау қазақстандық оқушылардың зияткерлік әлеуетін ынталандыру және қолдау, олардың зияткерлік қызмет өнімдерін жасауға деген қызығушылығын арттыру және қалың жұртшылықты жастардың шығармашылық және ғылыми жетістіктерімен таныстыру мақсатында өткізіледі. Ағымдағы жылы «Nazarbayev Fund Schools Challenge» оқушылар байқауы Мемлекет басшысының «Қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыру: табыс пен өмір сүру сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауында қойылған міндеттерді жүзеге асыру аясында өткізіліп отырғанын атап өту керек, осыған сәйкес 2019 жылЖастар жылыдеп жарияланды.

Кездесу барысында Ербол Қанатұлы Евгениге зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарды қорғау мәселелеріне қатысты бірқатар ұсыныстар берді, алдағы уақытта табыстар мен жеңістер тіледі.

- Қазақстан болашағы – сен сияқты балалар. Бүгінде жастарды қолдау мемлекеттік саясаттың басымдығына айналып отыр. Өз кезегінде жастардан белсенді және тиімді қайтарым күтуде. Біз сендерді мақтан тұтамыз, саған сәттілік тілейміз, сіздердің барлық жоспарларыңыздың жүзеге асырылып, оқы және еліміздің игілігі үшін жұмыс істе, - деп атап өтті Ербол Оспанов.

Евгений Ербол Қанатұлына алдағы жоспарлары туралы айтып, жан-жақты әңгімесі үшін алғысын білдірді.

- Мен байқауға қатысқаныма өте қуаныштымын, және маған байқау финалистерінің оқу-танымдық сапары аясында Крэнфилд Британдық университетіне баруға мүмкіндік туды, - деп атап өтті Евгений.

Сондай-ақ, Евгений Демиденко «Қазақстан халқы Ассамблеясының» мүшесі, ҚХА XXVII сессиясының спикері болып табылады. Бүгінгі таңда Евгений «ILEARN» деп аталатын контент пен медиа саласымен аяқталатын, оқудан бастап, барлық салаларда әрекет ете алатын қосымшаны әзірлеумен айналысады, қазір ол прототип сатысында.Евгений өз өмірін IT-мен мығым байланыстыруда.