Национальный институт интеллектуальной собственности
2019 жылы 22 мамырда АҚШ делегациясы: Калифорния орталық округі бойынша АҚШ Федералдық округтік сотының судьясы Дэвид О. Картер, Миннесота орталық округі бойынша АҚШ Федералдық округтік сотының судьясы Бэкки Р. Торсон, АҚШ Әділет министрлігінің Компьютерлік қылмыс және зияткерлік меншік бөлімінің аға заң кеңесшісі Мэтью А. Ламберти, сондай-ақ АҚШ патенттер мен тауар таңбалары бойынша ведомствосының (USPTO) Саясат және халықаралық қатынастар басқармасының аға кеңесшісі Дженни Блэнк «ҰЗМИ» РМК сапарымен келді.
Кездесуді «ҰЗМИ» РМК директоры Ербол Оспанов пен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы департаменті директорының орынбасары Ермек Қуантыров ашып, іс-шараға қатысушыларды «ҰЗМИ» РМК директорының бірінші орынбасары Калия Батаеваға, «ҰЗМИ» РМК директорының орынбасары Нурдаулет Абулкаировқа, «ҰЗМИ» РМК директорының орынбасары Макпал Шугаиповаға таныстырды.
«ҰЗМИ» РМК директорының кеңесшісі Алия Хабиденова институт қызметінің негізгі бағыттары туралы презентациямен сөз сөйледі, Америка әріптестерін Қазақстан Республикасының зияткерлік меншік саласындағы заңнамасындағы өзекті өзгерістермен таныстырды, зияткерлік меншік объектілерін ұлттық және халықаралық тіркеу бойынша статистикалық көрсеткіштерді көрсетті.
«ҰЗМИ» РМК директоры Ербол Оспанов 2016 жылы қол қойылған екі елдің ведомстволары арасындағы өзара түсіністік пен екі жақты ынтымақтастық туралы Меморандум және Қазақстанның Патенттік ведомствосы делегациясының 2018 жылдың мамыр айында USPTO-ға ресми сапары шеңберінде халықаралық ынтымақтастықты одан әрі дамытуға институттың бейілділігі мен дайындығын атап өтті.
«ҰЗМИ» РМК басшылығы | АҚШ судьялары менПатенттік ведомствосының өкілдері |