Новости

Национальный институт интеллектуальной собственности

«ҰЗМИ» РМК мамандарының «Хабар 24» телеарнасындағы «Экономика» бағдарламасына қатысуы

04 июня, 2019

«ҰЗМИ» РМК-ның мамандарымен 2019 жылы 4 маусымда «Хабар 24» телеканалының «Экономика» бағдарламасына «Зияткерлік меншік» тақырыбына сұхбат берілді. «Хабар 24» телеканалының «Экономика» телевизиялық бағдарламасына қатысты. Өз сұхбатында тауар таңбалары, тауар шығарылған жерлердің атаулары және өнеркәсіптік үлгілер департаментінің басшысы Казиева Асемгуль тауар таңбалары, оның функциялары, өтінімді қалай беру, құны, тауар таңбаларына өтінімнің өту тәртібі, тауар таңбаларын тіркеудің артықшылықтары, тауар таңбаларының иесіне қандай құқық берілетіндігі, және де тауар таңбалары жөнінде заңнамадағы кейбір өзгертулер туралы айтып өтті.

Авторлық құқық басқармасының басшысы Тайшева Алтынай «Авторлық құқықпен қорғалатын, құқық обьектілерінің Мемлекеттік реестріне өзгертулер енгізу» мемлекеттік қызметтер көрсету заңнамасында соңғы өзгертулер туралы атап өтті, Авторлық құқық обьектілерін тіркеу мемлекеттік қызметі 2018 жылдың 24 қыркүйегінен бастап «ҰЗМИ» РМК-да көрсетіледі, қызметтер көрсетуге өтінімді беру толықтай электрондық форматқа ауыстырылған. Бұл өз кезегінде өтінішті берген күннен кейін бір жұмыс күні ішінде қызмет көрсетіліп, қажетті уақытты айтарлықтай қысқартуға мүмкіндік берді, сондай ақ біздің авторларымыз үшін ресми және әкімшілік кедергілерді алып тастау мүмкіндігі туды.