Новости

Национальный институт интеллектуальной собственности

«Қауіп-қатердің мінез-құлыққа қатысты факторларының алдын алу» тақырыбында семинар болып өтті

27 июня, 2019

«ҰЗМИ» РМК 2019 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес, ағымдағы жылдың 25 маусымында «ҰЗМИ» РМК-да Нұр-сұлтан қаласының салауатты өмір салты орталығының шақырылған қызметкерлерінің қатысуымен «Қауіп-қатердің мінез-құлыққа қатысты факторларының алдын алу» тақырыбында семинар болып өтті.

Семинардың мақсаты - салауатты өмір салтын насихаттау, қызметкерлерді алкогольдің зияны, вейп және кальянды қоса алғанда, темекі шегудің зияны туралы хабардар ету.

Семинар барысында СӨС орталығының мамандарымен СӨС аспектілері бойынша ақпараттық-білім беру материалдары таратылды және темекі шегудің, нашақорлықтың және маскүнемдіктің алдын алу бойынша бейнефильмдер көрсетілді.