Новости

Национальный институт интеллектуальной собственности

«ҰЗМИ» РМК филиалының Оқу орталығы үш күндік семинар өткізді

01 июля, 2019

2019 жылдың 26, 27, 28 маусым күндері «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК филиалының Оқу орталығы «Зияткерлік меншік объектілерін құқықтық қорғау, сақтау және пайдалану» тақырыбында үш күндік семинар өткізді.

Семинарға келесі ұйымдардың өкілдері қатысты: Д. Серікбаев атындағы Шығыс-Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті РМК, С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті РМК,«Семей медицина университеті» КеАҚ, Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті Түркістан қ., GRATA International – халықаралық заң фирмасы.

Семинардың негізгі бөлімі аясында өнеркәсіптік меншік және авторлық құқық объектілері бойынша дәрістер оқылды. Филиал сарапшылары өнертабысқа қатысты зат, тәсіл, құрылғы объектілері және қолдану мәселелерін егжей-тегжейлі қарастырып, сондай-ақ мысалдар арқылы патенттік ақпарат пен құжаттамаға іздеу жүргізу методикасын көрсетті. Өнеркәсіптік үлгілер бойынша сот тәжірибесі, тіркелген өнеркәсіптік үлгілер бойынша сот дауларының мысалдары, селекциялық жетістікті қорғау, құқықтарды пайдалану және өнеркәсіптік меншік объектілеріне өтінімдерді электронды түрде беру мәселелері талқыланды.

Семинар қатысушылары өтінімді рәсімдеу, беру және зияткерлік меншік объектілерін қорғауға қатысты көптеген сұрақтар қойды. Филиал лекторлары барлық сұрақтарға толық жауап берді. Сонымен қатар, зияткерлік меншік объектілері бойынша тәжірибелік жұмыстар жүргізілді.

Семинар соңында қатысушыларға сертификаттар табысталды.