Новости

Национальный институт интеллектуальной собственности

«ҰЗМИ» филиалының Оқу орталығы «Бритиш Американ Тобакко Казахстан Трейдинг» ЖШС арналған семинар өткізді

02 августа, 2019

2019 жылдың 31 шілдесінде «ҰЗМИ» филиалының Оқу орталығы «Бритиш Американ Тобакко Казахстан Трейдинг» ЖШС арналған «Тауар таңбалары дараландыру құралдары ретінде. Шарт түрлері және өнеркәсіптік меншік объектілеріне құқықтарды пайдалану» тақырыбында семинар өткізді.

"Бритиш Американ Тобакко Казахстан Трейдинг" ЖШС "British American Tobacco PLC" тобының еншілес компаниясы болып табылады. BAT тобының штатында бүкіл әлем бойынша 55 000 адам бар. Компания 39 елде орналасқан 44 фабрикаға ие.

Семинар жұмысына «ҰЗМИ» филиалының Тауар таңбалары мен өнеркәсіптік үлгілер бойынша талдаулық зерттеулер бөлімінің бас сарапшысы Т.В. Горбунова тауар таңбалары мен қызмет көрсету таңбалары, тауар таңбаларының түрлері мен оларға қойылатын талаптар, өтінім беру рәсімдері, басқаның тауар таңбасы бойынша құқықбұзушылық туралы, ал Оқу орталығының басшысы Ж.А. Серікбаева шарт түрлері мен өнеркәсіптік меншік объектілеріне құқықтарды пайдалану турасында айтып берді.

Аталған шараға компанияның Корпоративтік мәселелер бойынша бөлімінің қызметкерлері қатысты.

Семинар қатысушылары тауар таңбасын қорғау, бұзу, тауар таңбаларын халықаралық тіркеудің Мадрид жүйесінің артықшылықтары, жалпыға белгілі тауар таңбасы, тауар таңбасына формальды және толық сараптама, шарт түрлері мен оларды пайдалану туралы көптеген сұрақтар қойды.

Семинар соңында Корпоративтік мәселелер бойынша бөлімінің қызметкерлері берілген ақпарат үшін ұйымдастырушыларға зор ризашылығын білдірді.