Новости

Национальный институт интеллектуальной собственности

slide

«ҰЗМИ» РМК филиалының Оқу орталығы оқыту семинарын өткізді

27 августа, 2019
2019 жылдың 27 тамызында «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК филиалының Оқу орталығы «Өнеркәсіптік меншік объектілерін құқықтық қорғау. Авторлық құқық негіздері» тақырыбында оқыту семинарын өткізді.
Аталған шараға Металлургия және кен байыту институты АҚ, «Михайлюк» ЖШС, «Сороколат и серіктестіктері – патенттік сенімді өкілдер» өкілдері мен жеке тұлғалар қатысты.
Семинар барысында келесі сұрақтар қарастырылды:
- өнертабыс пен өнеркәсіптік меншік объектісі ретінде пайдалы модельдер;
- өнеркәсіптік үлгіні тіркеу және оның патентке қабілеттілік талаптары;
- шетелдік патенттеу рәсімдері;
- өнеркәсіптік меншік объектілеріне электронды түрде өтінімдер беру рәсімдері;
- авторлық құқық негіздері.
Семинар соңында қатысушыларға сертификаттар табысталды.