Национальный институт интеллектуальной собственности
Қазақстан Республикасының астанасы Нұр-Сұлтан қаласында 2019 жылдың 9 қыркүйегінде, 1994 жылғы 9 қыркүйектегі Еуразиялық патенттік конвенциясының Өнеркәсіптік үлгілерді қорғау туралы хаттаманы қабылдау жөніндегі дипломатиялық конференция өтті. (Өнеркәсіптік үлгілерді қорғау туралы хаттама). Өнеркәсіптік үлгілерді қорғау туралы хаттаманың қабылдануы және қол қойылуы, Еуразиялық патенттік конвенциясының 25 жыл бұрын қол қойылған күнімен тұспа-тұс келуі нышандық мағынаға ие.
Дипломатиялық конференция барлық Уағдаласушы Әзірбайжан Армения, Беларусь, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Түрікменстан және Қазақстан мемлекеттері үкімет делегацияларының қатысуымен, және Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымы делегациялары, Еуропалық Одақтың зияткерлік меншік ведомствосы, Еуропалық патенттік ведомствосы, ұлттық патенттік ведомстволар және әр түрлі елдердің ұйымдарының өкілдері, Еуразиялық өнертабыс сыйлығының лауреаттары, сонымен қатар Еуразиялық патенттік ұйымының құрылуы мен дамуына елеулі үлес қосқан ардагерлердің қатысуымен өтті.
Іс-шараның құрметті қонақтары Қазақстан Республикасының Әділет министрі Марат Бекетаев, Еуразиялық патенттік ұйымы Еуразиялық патенттік ведомствосының (ЕАПВ) Президенті Сауле Тлевлесова, Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты мүшесі Канатбек Сафинов, Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының өтпелі және дамыған экономикасы бар елдер Департаменті директоры Михал Швантнер, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті-Елбасы Қорының атқарушы директорының орынбасары Игорь Рогов қатысты.
Өнеркәсіптік үлгілерді қорғау туралы хаттаманы Еуразиялық патенттік ведомствосы Еуразиялық патенттік ұйымының қатысушы-мемлекеттерімен бірлесіп әзірлеген және өңіраралық деңгейде өнеркәсіптік үлгілерді құқықтық қорғаудың Еуразиялық жүйесін құру мақсатын жасайды, бұл Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде патенттер алу тәртібін жеңілдетеді және өтініш берушілер үшін әкімшілік және қаржылық жүктемелерді азайтады.Осыған ұқсас жүйе өнертабыстар үшін 1994 жылдан бастап қолданылады.
«Өнеркәсіптік үлгілерді қорғау туралы хаттамаға қол қою зияткерлік меншік саласындағы тарихи оқиға болып табылады және еуразиялық кеңістік елдерінің арасындағы жемісті ынтымақтастықтың нәтижесі болып табылады. Бұл сегіз қатысушы мемлекет үшін бірыңғай патент негізінде өнеркәсіптік үлгілерді құқықтық қорғаудың өңірлік жүйесін құруға мүмкіндік береді. Осылайша, осындай келісілген құқықтық жүйемен өнеркәсіптік үлгілердің саны мен сапасы сөзсіз артады»,-деді конференцияның ашылуының алдында Қазақстан Республикасының Әділет министрі Марат Бекетаев.
Дипломатиялық конференцияны құттықтау сөздерімен ЕАПҰ Президенті Сауле Тлевлесова ашып, ол Қазақстан Республикасына Үкімет атынан қонақжайлық және Еуразия аймағы үшін маңызды іс-шараны өткізуге көрсеткен көмегі үшін алғысын білдірді.
Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының Бас директоры Фрэнсис Гарри бейне хабарлама арқылы қонақтар мен қатысушыларға, ЕАПҰ-ға көпжылдық серіктестігі үшін алғыс білдіріп және Еуразиялық патенттік конвенцияның 25 жылдығына және дипломатиялық конференцияны өткізуге үлкен табыстар тіледі.
Дипломатиялық конференцияның төрағасы болып Қазақстан Республикасының Әділет министрі Марат Бекетаев сайланды. Әзірбайжан Республикасы зияткерлік меншік Агенттігінің басқарма төрағасы Камран Иманов және Зияткерлік меншік бойынша федералдық қызметінің басшысы Григорий Ивлиев дипломатиялық конференция төрағасының орынбасарлары болып сайланды.
Қолданыстағы өкілеттіктерге сәйкес Әзірбайжан Республикасы, Армения Республикасы, Қырғыз Республикасы, Қазақстан Республикасы және ресей Федерациясы делегацияларының өкілдері 1994 жылғы 9 қыркүйектегі Еуразялық патенттік конвенцияға өнеркәсіптік үлгілерді қорғау туралы хаттамаға қол қойды.
Сонымен қатар, 15-тен астам Еуразиялық сыйлықтың лауреаттарына түрлі номинациялар бойынша өнертабыс саласында; адам өмірі мен денсаулығын қорғау саласындағы өнертабыс үшін. өндірістік технологияларды дамыту және жетілдіру саласында, жоғары технологиялық және перспективалы технологиялар саласында, адам өмірінің сапасын жақсартатын технологиялар саласында», ақпараттық технологиялар мен коммуникациялар саласында көптеген жылдар бойы ойлап тапқан еуразиялық патенттік жүйенің белсенділігі және белсенді қолданылуы, шетелдік өнертапқыш, сонымен қатар ЕАПҰ-ның бірінші президенті В.Блинниковтың құрметіне марапаттар В.П.Блинников атындағы «Өнертапқыштық және патенттік бизнеске қосқан үлесі үшін» алтын медалі салтанатты түрде тапсырылды.
Қазақстан Республикасы атынан Білім және ғылым министрлгінің ғылым комитеті «Ұлттық биотехнологиялық орталығы» РМК, сондай-ақ Өскемен қаласы Назарбаев зияткерлік мектебінің химия-биологиялық бағыты бойынша 12 сынып оқушысы Бақыт Жанасыл «Гидрологиялық апаттар кезінде адамдарды тасымалдауға арналған құтқару роботының прототипі» жобасы Еуразиялық сыйлығының лауреаттары атанды.
Айта кету керек, Марат Бекетаев Еуразиялық патенттік ұйымының В.И.Блинниковтың «Өнертапқыштық және патенттік бизнеске қосқан үлесі үшін» наградасымен марапатталды.
Өнеркәсіптік үлгілерді қорғау туралы хаттаманың қабылдануы Еуразиялық патенттік ұйымының өнеркәсіптік меншік обьектілерін құқықтық қорғау саласындағы функцияларын кеңейтеді және Еуразиялық патенттік жүйесі пайдаланушыларының мүдделері үшін және ЕАПҰ мүше-мемлекеттерінің мүдделері үшін тартымдылығын арттыруға бағытталған.