Новости

Национальный институт интеллектуальной собственности

Қазақстандық делегация Женева қаласында өтіп жатқан Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының (ДЗМҰ) мүше-мемлекеттер Ассамблеясының елу тоғызыншы серия отырысына қатысуда

30 сентября, 2019

Қазақстан Республикасы Әділет министрі Марат Бекетаев, Зияткерлік меншік құқығы департаменті директоры Ермек Куантыров, «ҰЗМИ» РМК директоры Ербол Оспанов және «ҰЗМИ» РМК директорының орынбасары Макпал Шугаипова құрамына кірген Қазақстандық делегация Женева қаласында өтіп жатқан Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының (ДЗМҰ) мүше-мемлекеттер Ассамблеясының елу тоғызыншы серия отырысына қатысуда.

Отырыс аясында Бас Ассамблея ДЗМҰ қызметі туралы Бас директордың есептерін қарайды және бекітеді, шығыс бюджетін және қаржылық регламентті қабылдайды, сонымен қатар халықаралық келісім-шарттарды орындау жөніндегі әкімшілігіне қатысты Бас директор ұсынған іс-шараларды растайды және ДЗМҰ бекіткен Конвенцияға сәйкес басқа да функцияларды орындайды.

Бас Ассамблея құрамына Конвенция мүшелерінің қатарынан бір Одақтың (Берн одағы, Париж одағы және ДЗМҰ басқаратын басқа да халықаралық келісімдер) мүшесі болып табылатын мемлекеттер кіреді.