Новости

Национальный институт интеллектуальной собственности

slide
slide
slide

ҰЗМИ бірінші күзгі «Run for Jusitce-2019» жүгіруді өткізді

12 октября, 2019

Бүгін 2019 жылдың 12 қазанында Нұр-Сұлтан қаласының Триатлон саябағында Қазақстан Республикасы Әділет органдары қызметкерлерінің күніне орай күзгі «Run for Jusitce-2019» атты жүгіруді өткізді. Стартқа 100 аса әуесқой жүгірушілер шықты.

Іс-шараны Қазақстан Республикасы Әділет вице-министрі -Акерке Ахметова құттықтау сөзімен ашты. «ҰЗМИ» директоры -Ербол Оспанов әріптестерін мерекемен құттықтап, қатысушыларға сәттілік тіледі. Құттықтау барысында Нұр-Сұлтан қаласында 2019 жылдың 29 қыркүйегінде өткен Әділет органдары арасында мини-футбол және волейбол бойынша спорт жарыстарында жүлделі орындарға ие болған үшін «ҰЗМИ» РМК бірнеше қызметкерлеріне грамоталар тапсырды.

Старттың алдында жаппай дене сергіту ұйымдастырылды.

Спорттық бағдарлама 2,5 және 10 км арақашықтықтардан тұрды.

Атап айтарлығы, маусымдық жүгіруге ҰЗМИ қызметкерлерінің отбасы мүшелері де қатысты. Бірінші сынып оқушысы Арман Құралбай спорттық атмосферадан тыс қалмай, ол Триатлон саябағындағы 2 километр арақашықтықты бағындырды. Ал ең спорттық отбасы болып Омарова Ботагөздің отбасы танылды, ол әйелдер арасында 5 км арақашықтықты бағындырды, жұбайы - Кансейтов Болат және ұлы – Алматы Рауан сондай-ақ 5 километр арақашықтықты бағындырды. Мұндай отбасылар ересектер мен өскелең ұрпақ арасында салауатты өмір салты үшін үлгі болады.

Сонымен, күзгі «Run for Jusitce-2019» жүгірудің абсолюттік есепте жеңімпаздары:

  • Ерлер арасындағы 2 километрге -Жумабаев Сьездбек;
  • Әйелдер арасындағы 2 километрге - Дюсенбаева Кулпаран;
  • Ерлер арасындағы 5 километрге -Шидербеков Саят;
  • Ерлер арасындағы 10 километрге -Ныгметов Дархан;
  • Әйелдер арасындағы 10 километрге -Шугаипова Макпал.

Белгілей кететін нәрсе, жүгіруде ҚР ӘМ «ЗҚАИ» РМК әріптестер қатысып, олардың әйелдер арасынан екі қатысушы 5 км арақашықтыққа жүгіруден 2 және 3 орын алды.

Жүгіру аяқталғаннан кейін Ербол Оспанов барлық жүгірушілер мен жанкүйерлерге қатысқандары үшін алғыс айтып, мерекелерімен құттықтады, сондай-ақ жүгірудің жеңімпаздары мен белсенді қатысушыларын марапаттады.

Өзінің қорытынды сөзі кезінде Ербол Оспанов 2020 жылдың мамыр айына қалалық марафонға қатысу үшін спорттық команда құруды тапсырды.

Сондай-ақ Ербол Оспанов өз сөзінде: «Біз бәріміз кезекті рет тағы да дәлелдедік, біз мұны істей аламыз, біз мықтымыз, біз ортақ командамыз! Бұл үлкен еңбек, бастауы қаланды, қане, бір-бірімізді құттықтайық! Мұндай мерекелер әріптестердің көңілінен шықты, бұл туралы сенімді айтуға болады» - деп атап өтті.