Национальный институт интеллектуальной собственности
Бүгін 2019 жылдың 25 қазанында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының Қорында ҚР Әділет министрлігі және «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК ұйымдастыруымен, республикалық конкурстардың жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.
Іс-шараны құттықтау сөзімен Қазақстан Республикасының Тұңғыш ПрезидентіЕлбасы Қорының атқарушы директорының орынбасары Алькей Марғұланұлы, Қазақстан Республикасы Әділет вице-министрі Наталья Пан, «Назарбаев Университеті» ДББҰ инновациялар жөніндегі вице-президенті Ерден Құсаин, «Samruk-Kazyna Trust» Әлеуметтік жобаларды дамыту қорының Бас директорының орынбасары Асель Шильдебаева ашып, жеңімпаздарды құттықтап, сондай-ақ Қазақстанның жастар және ересектер арасында өнертапқыштық қызметті ынталандыру және көтермелеу мақсатында конкурстарды өткізудің маңыздылығын атап өтті.
Алькей Марғұланұлы | Наталья Пан | |
Ерден Құсаин | Асель Шильдебаева | |
Ербол Оспанов |
Бірінші Nazarbayev Fund Schools Challenge конкурсы 2019 жылдың маусымында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының қолдауымен Назарбаев Университетінде өткізілді. Конкурстың мақсаты қазақстандық оқушылардың зияткерлік әлеуетін ынталандыру және қолдау, олардың зияткерлік қызмет өнімдерін жасауға деген қызығушылығын арттыру және жұртшылықты жастардың шығармашылық және ғылыми жетістіктерімен таныстыру болып табылады. Оған Қазақстанның барлық облыстары мен Астана, Алматы, Шымкент қалаларының командалары қатысты. Қазылар алқасының құрамына Крэнфилд университетінің (Ұлыбритания) аэроғарыш мектебінің өкілдері, сондай-ақ «Samruk-Kazyna Trust» корпоративтік қорының және «Эйр Астана» Ұлттық тасымалдаушысының өкілдері кірді. Үш күндік турдың қорытындысы бойынша Ақмола және Павлодар облыстарынан келген оқушылардың командалары, сондай-ақ Астана, Алматы, Шымкент қалаларының әрбір облыстық командаларынан оқушылар жеңімпаз атанды. Қазылар алқасының құрамына Крэнфилд университетінің (Ұлыбритания) аэроғарыш мектебінің өкілдері, сондай – ақ "Samruk-Kazyna Trust" корпоративтік қорының және "Эйр Астана" ұлттық тасымалдаушысының өкілдері кірді. Үш күндік турдың қорытындысы бойынша Ақмола және Павлодар облыстарынан келген оқушылар командалары, сондай-ақ Астана, Алматы, Шымкент қалаларының әрбір облыстық командаларының оқушылары жеңімпаз атанды. Финалистерге жүлде ретінде 2019 жылдың 19-26 тамызы аралығында Крэнфилд университетіне оқу-танымдық сапар шеңберінде Ұлыбританияға бару мүмкіндігі ұсынылды.
Nazarbayev Fund Schools Challenge - 2019 жылдың жеңімпаздары |
Екінші "Шапағат" өнертапқыштар Республикалық онлайн-конкурсы Халықаралық зияткерлік меншік күніне сәйкес 2019 жылдың 26 сәуірінде басталды. Конкурс өнертапқыштық қызметті насихаттау және өнертапқыштық қызмет туралы жұртшылықтың хабардар болу деңгейін арттыру мақсатында өткізіледі. 2018 жылы берілген патенттелген Өнертабыстар, пайдалы модельдер және өнеркәсіптік үлгілер туралы бейнероликтер 2019 жылдың 1 қыркүйегі мен 10 қазаны аралығында онлайн-дауыс беру жүргізілді. Ең көп дауыс жинаған медицина, тамақ өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы, дизайн салалары бойынша он өнертапқыш жеңімпаз деп танылды. Ең көп дауыс жинаған «Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті» ШЖҚ РМК Коммерцияландыру және трансферттік технологиялар бөлімінің бас маманы, техника ғылымдарының кандидаты Шильдебаева Ляззат Кадырбековнаның «Ұлттық ою-өрнегі бар әйел пальтосы» атты өнеркәсіптік үлгі патенті ең көп дауыс жинаған жеңімпазы болып танылды. (5271 дауыс).
«Шапағат» өнертапқыштар онлайн-конкурсы 2019 жылдың жеңімпаздары |
Үшінші Оқушылар арасында "Болашақ сенің қолыңда: ойлап тап және жасампаз бол" атты үздік эссе Республикалық конкурсы 2019 жылдың 24 қыркүйегінде бастау алды. Конкурстың мақсаты-оқушылар арасында шығармашылық белсенділікті ынталандыру, зияткерлік меншік саласындағы білімді насихаттау және тарату, өсіп келе жатқан ұрпаққа патенттік мәдениеттің негіздерін дарыту. Бұл байқауға 8-11 сынып оқушылары қатысты. Республика бойынша конкурсқа мемлекеттік, орыс, ағылшын тілдерінде 260-тан астам эсселер түсті. 2019 жылдың 14 қазанында конкурстың қорытындысы жарияланды. Конкурс комиссиясы Павлодар қ. Дарынды балаларға арналған «Білім Инновация» лицейінің оқушысы Ратбек Шамшитовтың шығармасын үздік деп таныды, өз кезегінде жас жасына қарамастан, өнертапқыш атанған. Ол аутизмге шалдыққан балаларға арналған «TRAINAUT» қосымшасын жасап қазіргі уақытта Қазақстанда, Ресейде, Грузияда 90 аса отбасылар осы қосымшаны пайдаланады.
Оқушылар арасындағы үздік эссе конкурсының жеңімпаздары |
Іс-шара барысында сондай-ақ, ҚР Еңбек сіңірген өнертапқышы, ҚР ҰҒА академигі, Д.А.Қонаев атындағы тау-кен істері институты директоры, техника ғылымдарының докторы, профессор Николай Буктуковқа В. И. Блинниковтың "өнертабыстық және патенттік іске қосқан үлесі үшін" алтын медалі және С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің 4-ші курс студенті Асель Жумагазееваға "Болашаққа көзқарас" атты Еуразиялық патенттік универсиадасының дипломы тапсырылды.
ҚР Еңбек сіңірген өнертапқышы, ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі, доктор Николай Садвакасович Буктуков | С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті фармацевтикалық технология өндірісі факультетінің 4-ші курс студентіАсель Жумагазеева |
Конкурс туралы толық ақпарат, жеңімпаздардің есімдері мен фотоесептері «Шапағат» форумның алаңында орналастырылғанshapagat.kazpatent.kz.