Новости

Национальный институт интеллектуальной собственности

slide

Қытайдың авторлық құқығы бойынша Ұлттық әкімшілігінің делегациясымен кездесу өтті

04 ноября, 2019

«ҰЗМИ» РМК 2019 жылдың 4 қарашасында Қытайдың (NCAC) авторлық құқығы бойынша Ұлттық әкімшілігінің делегациясы құрамында NCAC авторлық құқығы департаментінің бас директоры Ю Сике мырза, NCAC бақылау және қамтамасыз ету басқармасының директоры Жао Жие мырза, NCAC халықаралық істер басқармасының директоры Ху Пинг ханым, Қытайдың жазбаша туындыларына авторлық құқық қоғамының бас директоры Жанг Хонгбо мырза іс-сапармен келді.

«ҰЗМИ» РМК тарапынан кездесуге директордың бірінші орынбасары Калия Батаева, директордың кеңесшісі Алия Хабиденова, сондай-ақ құрылымдық бөлімшелердің басшылары қатысты.

Іс-шараның негізгі тақырыбы Қазақстанда авторлық құқықтың обьектілерін тіркеу жүйесімен, сондай-ақ зияткерлік меншік саласындағы заңнамада соңғы өзгерістермен танысу болды.

Қытайлық делегация Қазақстанда авторлық құқықпен қорғалатын туындылардың тіркеу тәртібінің жетілдіруі туралы, өтініш мерзімінің 20 күннен 1 жұмыс күніне дейін қысқаруы, және де толық электрондық құжат айналымына көшу туралы жетістіктерін атап өтті.

Кездесу нәтижесі бойынша тараптар екі ведомство арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту туралы келісімге келді.

NCAC делегациясының «ҰЗМИ» РМК іс-сапары Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне авторлық құқық жөніндегі Қытай ведомствосының ресми сапары шеңберінде жасалды.