Новости

Национальный институт интеллектуальной собственности

slide
slide
slide

«ҰЗМИ» РМК сарапшылары «Ұлттық биотехнологиялар орталығы» РМК семинарына қатысты

11 ноября, 2019
2019 жылдың 8 қарашасында «Ұлттық биотехнологиялар орталығы» РМК "Өнертабыс болашағы. Биотехнология және патенттер" семинары өтті.
Іс-шара "Ұлттық биотехнологиялар орталығы" Бас директоры орынбасары Касым Мукановтың және "ҰЗМИ" РМК Өнертабыстар, Пайдалы модельдер және Селекциялық жетістіктер департаменті басшысы Гульдана Ильясованың құттықтау сөздерімен басталды. Өз кезегінде, Касым Муканов елдің экономикалық дамуын ынталандыру үшін инновациялық бмотехнологиялық және селекциялық әзірлемелерді патенттік қорғаудың маңыздылығын атап өтті. Семинарды тыңдаушыларға биотехнологиялар саласындағы патенттік сарапшы Дамир Темиргалиев ҚР өтінім беру кезінде микроорганизмдер штаммдарын депозиттеу ерекшеліктеріне назар аудара отырып, биотехнологиялық технологияларды дамыту үшін перспективалы салалар туралы айтып берді. Шетелдік патенттеу бойынша патенттік сарапшы Ляззат Тутешова РСТ жүйесіне шолу жасады, сондай-ақ, халықаралық өтінімді беру және қарау, құрастыру рәсімі туралы айтты. Сонымен қатар, селекциялық жетістіктер саласындағы патенттік сарапшы Адильхан Уромбаев селекциялық жетістіктерді патенттеудің шетелдік тәжірибесін және қазақстандық өнертапқыштардың табысты коммерцияландырылған селекциялық жетістіктерінің мысалдарын келтірді. Мысалы: мәрмәр еті бар қазақстандық селекцияның жалғыз тұқымы – Әулиекөл тұқымы; жоғары сапалы жүні бар меринос қой тұқымы- етті меринос; қазақ жылқы түрі-Жабы. Семинардан кейін "Ұлттық биотехнологиялар орталығы" Бас директорының орынбасары Касым Муканов және дің жасушалары зертханасының меңгерушісі Вячаслав Огай «ҰЗМИ» РМК қызметкерлеріне "Ұлттық биотехнологиялар орталығы" лабораторияларына экскурсия өткізді, онда ғалымдар регенеративті медицина, ауылшарушылығы биотехнологиялары, геномика саласындағы өз зерттеулері мен жобаларын ұсынды. Семинар қорытындысы бойынша "Ұлттық биотехнологиялар орталығы" қызметкерлері спикерлердің ақпараттық және мазмұнды, мамандардың кәсіби білімін арттыруға ықпал өтетін зияткерлік меншік құқықтарын қорғау бойынша семинардың маңыздылығын атап өтіп, "ҰЗМИ" РМК қызметкерлеріне алғыстарын білдірді.