«ҰЗМИ» РМК қызметкерлері 2019 жылдың 8 қарашасында «ҚазМұнайГаз Инжиниринг» ЖШС зияткерлік меншік обьектілерінің құқықтық қорғау туралы сұрақтары бойынша тренинг өткізді.
Спикерлер ретінде «ҰЗМИ» РМК Өнертабыстар, Пайдалы модельдер және Селекциялық жетістіктер департаментінің басшысы Гульдана Ильясова және «ҰЗМИ» РМК Авторлық құқық басқармасының бас сарапшысы Алия Нурахметова сөз сөйледі.
Гульдана Ильясова сөз сөйлеу барысында өнертабыс, ноу-хау, өнеркәсіптік үлгілер және тауар белгілері зияткерлік меншік обьектілерін тіркеудің ерекшеліктері мен артықшылықтары туралы айтты. Компанияның зияткерлік меншігін тиімді басқару мақсатында жобаның сипатына және әзірлеушінің мүдделеріне байланысты әр түрлі қорғау құралдарын пайдаланудың маңыздылығы ерекше атап өтілді.
Авторлық құқық туралы заңнама бойынша Алия Нурахметова толығырақ ақпарат берді. Сонымен қатар Алия Нурахметова авторлық құқықпен қорғалатын, Мемлекеттік тізілім обьектілеріне мәліметтерді енгізу рәсімін егжей-тегжейлі көрсетті.
Спикерлердің сөз сөйлеуі «ҚазМұнайГаз Инжиниринг» ЖШС қызметкерлерінің қызығушылығын танытты, және спикерлер тренингке қатысушылардың көптеген сұрақтарына жауап берді.