Новости

Национальный институт интеллектуальной собственности

Оқу орталығы Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінде семинар өткізді

14 ноября, 2019

2019 жылдың 14 қарашасында ҚР ӘМ «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК Оқу орталығы Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінде «Зияткерлік меншік объектілерін құқықтық қорғау мен сақтаудың негіздері» тақырыбында семинар өткізді.

Семинар жұмысына университет басшылығы, оқытушылар, магистранттар мен студенттер қатысты. Институт лекторлары «Қазақстан Республикасында өнертабыс пен пайдалы модель объектілерін құқықтық қорғау», «Өнертабыс пен пайдалы модельге өтінім беру процедурасы» және «Авторлық құқық» тақырыптары аясында кең ақпарат берді. Қатысушылар жоғарыда айтылған объектілерге өтінім беруге қойылатын талаптар мен оларды құқықтық қорғауға қатысты көптеген сұрақтар қойды.

Семинар соңында университеттің оқу істері жөніндегі проректоры Е.А.Дайнеко мен қатысушылар ұйымдастырушыларға алғыс білдіріп, семинардың қызықты, мазмұнды және танымдылығын атап өтті.