Национальный институт интеллектуальной собственности
2020 жылдың 28 қаңтарында «ҰЗМИ» РМК филиалының Оқу орталығы «Азаматтық айналымдағы тауар таңбалары мен тауар шығарылған жерлердің атаулары» тақырыбында семинар өткізді.
Семинар бизнес құрылым өкілдері, отандық өндірушілер мен мүдделі тұлғалар үшін құқықтық түсіндіру жұмысын жүргізу мақсатында өткізілді.
Аталған шараға «Қазақ Ұлттық аграрлық университеті» КеАҚ, «Бахус» АҚ, «Schmitt&OrlovIntellectualProperty» ЖШС, «KAZANAT DEVELOPMENT» ЖШС, «ЕвразийскоеПатентное бюро» ЖШС-ң өкілдеріжәне басқа да тұлғалар қатысты.
Тауар таңбалары мен өнеркәсіптік үлгілердіталдаулық зерттеулер бөлімінің сарапшылары семинар қатысушыларына ҚР территориясымен шетелде тауар таңбаларын қорғау, өтінім беру, тауар таңбасының күшін тоқтату, тауар таңбасын тіркеуге қарсылық білдіру, тауар таңбаларына айрықша құқықтарды бұзу және осы саладағы сот тәжірибесі туралыайтып берді.
Семинар соңында қатысушыларға сертификаттар табысталды.