Национальный институт интеллектуальной собственности
Волонтер жылы аясында 2020 жылдың 21 ақпанында жас өнертапқыштарды анықтау, насихаттау, және ынталандыру, сондай-ақ олардың зияткерлік меншік объектілерін жасауға қызығушылығын тудыру мақсатында ҰЗМИфилиалының Оқу орталығы Алматы облысы, Талғар ауданының №13 орта мектебінің 9-10 сынып оқушыларымен кездесу өткізді.
Ұйымдастырушылар оқушыларға өнертабыстардың жасалуы, белгілі өнертабыстарды жетілдіру, әлемнің және Қазақстан Республикасының ең қымбат брендтері туралы, автор ұғымы және авторлық құқық объектілері жайында айтып берді.
Аталған кездесуде оқушыларға «Дарынды интеллектуал» байқауы және зияткерлік меншік объектілері (патенттер, тауар таңбалары, авторлық құқық) бойынша әзірленген буклеттер ұсынылды.
Оқушылар тарапынан ҚР-ғы әйгілі брендтер және авторлық құқық объектісі ретінде әдеби шығармаларды тіркеу турасында сұрақтар қойылды.
Кездесу соңында мектеп директоры Құралай Сатыбайқызы Қонысбаева зияткерлік меншік саласында жастардың білімін арттыруға осы тектес шаралардың пайдасы мен маңыздылығын атап өтіп, атқарылған жұмыс үшін ұйымдастырушыларға алғыс айтты.