Новости

Национальный институт интеллектуальной собственности

«Қазіргі әлемдегі зияткерлік меншік: жаңа сын-қатерлер» аймақтық семинарына қатысу

26 февраля, 2020

2020 жылдың 25-26 ақпаны аралығында Беларусь Республикасының астанасы Минск қаласында Дүниежүзілік Зияткерлік Меншік Ұйымының қолдауымен «Қазіргі әлемдегі зияткерлік меншік: жаңа сын-қатерлер» атты аймақтық семинары өтті.

Семинардың мақсаты – зияткерлік меншік саласында білім беру және оқыту, заманауи мәселелер, ғылым мен өнеркәсіптің ынтымақтастығы, Беларусь Республикасында зияткерлік меншікті бағалау мен есепке алудың тәжірибесі мен мәселелері, сондай-ақ жаhандық цифрландыру контекстінде зияткерлік меншік құқықтарын қорғау және деректер қауіпсіздігі мәселелерін талқылау болды.

Аталған іс-шараға Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Ұлттық зияткерлік меншік институты атынан Өнеркәсіптік меншік обьектілеріне құқықтарды іске асыру туралы шарттарды тіркеу басқармасының басшысы Дархан Ныгметов қатысып, «Әділ мүдделер теңгерімі: қоғамдық және құқық иеленушілер проблемалары», «Қазіргі экономикалық және техникалық ортадағы зияткерлік меншік» екі дөңгелек үстел жұмысына қатысты.