Национальный институт интеллектуальной собственности
Жапонияда Toyota Motors корпарациясының көп жылдық жетекшісі Эйдзи Тоёда ұстамалы жүрек ауруынан 100 жасқа келгенде қайтыс болды, The Japan DailyPress хабарлайды.
Тоёда компаниясында 1936 жылдан бастап жұмыс істеді, 1967 жылы корпорация президенті болды. 1982 жылы ол Toyota Motors директорлар кеңесі төрағасы қызметіне иеленді. Тоёда компаниясынан 1994 жылы кетті. Сонымен бірге ол концернің негізін қалаушы Киитиро Тоёданың немере ағасы болып табылады.
Эйдзи Тоёданың арқасында компания шетелге автомобильдерді сатуды ұлғайтты. 1983-інші жылы автоконцерн Lexus люкстік бренд дамуына жетекшілік етті. Тоёда кәсіпорнында ол Toyota Way жүйесін енгізді, Toyota Way – автомобильдерді ең жоғары тиімді өндіру принципі.
Толық: http://m.Tengrinews.Kz/ru/money/241856