Новости

Национальный институт интеллектуальной собственности

Аумақтық әділет органдарымен 2013 жылғы 9 айда өткізген зияткерлік меншік құқықтарын қамтамасыз ету шаралары бойынша ақпарат

11 ноября, 2013

2013 жылы 9 айда әділет органдарымен зияткерлік меншік объектілерін пайдаланатын субъектілерге 523 тексеру жүргізілді. Жүргізілген іс-шаралар нәтижесінде 378 құқық бұзушылық фактісі анықталды. 507 әкімшілік іс жүргізу қозғалды, оның ішінде ҚР ӘҚБтК 129-бабы бойынша (авторлық және сабақтас құқықтарды бұзу) – 440 әкімшілік іс, ҚР ӘҚБтК 145-бабы бойынша (тауар таңбаларын заңсыз пайдалану) 64 әкімшілік іс.

Заңсыз айналымнан жалпы соммасы 59 588471 теңгені құрайтын 66787 дана контрафактілік өнім алынды.

Қозғалған әкімшілік істердің 464 сот органдарына қарауға жіберілді. Сотпен 448 іс қаралды, 11 іс қысқартылды.

Әкімшілік жауапкершілікке 439 тұлға тартылды, айыппұл соммасы
23 991964 теңгені құрады. Жалпы соммасы 58 749263 теңгені құрайтын 65804 дана контрафактілік өнім тәркіленді.