Национальный институт интеллектуальной собственности
2014 жылдан бастап «ҰЗМИ» РМК Зияткерлік меншік саласында мемлекеттік қызмет көрсету бойынша жұмыстарды жүзеге асырып келеді. Қызметтердің көпшілігі өтінім беру, сараптама жүргізу, тіркеу немесе тіркеуден бас тарту туралы шешім шығару, мемлекеттік тізілімде тіркеу, қорғау құжатын беру және мәліметтерді жариялау сияқты бизнес-үдерістерді қамтыды.
2018 жылдың қазанында зияткерлік меншік саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары* өзгертілді, оған сәйкес мемлекеттік тізілімде тіркелу алдындағы рәсімдер көрсетілетін мемлекеттік қызметтер саласынан шығарылды. Енді мемлекеттік қызмет алу үшін көрсетілетін қызметті алушы сараптама аяқталғаннан кейін және бұл туралы шешім шығарылғаннан кейін жүгіне алады.
2018 жылдың 30 қазанынан бастап өнертабыс, пайдалы модель, өнеркәсіптік үлгі, тауар таңбасы, ТШЖА, селекциялық жетістік сияқты зияткерлік меншік объектілеріне қатысты мемлекеттік қызметтер төмендегілерді қамтиды:
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарына сәйкес құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру тек көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы (пошта арқылы не қолма-қол) немесе "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.
Осыған байланысты kazpatent@kazpatent.kz электрондық мекен-жайына жіберілген мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініштер мен өтінішхаттар қабылдана алмайды**.
Сонымен қатар, kazpatent@kazpatent.kz электрондық мекен-жайына жіберілген сауалдарға жауаптар, қолдаухаттар, төлем құжаттары және мемлекеттік қызмет көрсетумен байланысты емес өтінімдердің өзге де материалдары сияқты құжаттардың электрондық көшірмелері бұрынғысынша қабылданады.
*Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 11 қазандағы № 1481 бұйрығы.**«Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» ҚР Заңының 1 – бабының 12) тармағына сәйкес электрондық құжат-ақпарат электрондық-цифрлық нысанда ұсынылған және электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған құжат.