News

National Institute of Intellectual Property

Құрметті пайдаланушылар! WhatsApp арқылы алаяқтық сипаттағы хабарламалар тарату жағдайлары жиілеп кеткенін хабарлаймыз.

15 May, 2025

WhatsApp арқылы үшінші тұлғалардың «ҰЗМИ» РМК басшылығы атынан алаяқтық сипаттағы хабарламалар тарату жағдайлары жиілеп кеткенін хабарлаймыз. Мұндай хабарламалардың мақсаты – сізді адастырып, құпия ақпарат немесе ақша қаражатын иемдену.
Сақ болуларыңызды сұраймыз! «ҰЗМИ» РМК қызметкерлері мессенджерлер, бейресми электрондық пошта немесе әлеуметтік желілер арқылы хабарлама жібермейді.
Егер сіз күмәнді хабарлама алсаңыз:
- сілтемелерге өтпеңіз және тіркемелерді ашпаңыз;
- жеке немесе қаржылық ақпаратты хабарламаңыз;
- бұл контактілерді дереу бұғаттаңыз;
- біздің ресми сайтта көрсетілген байланыс арналары арқылы бізге хабарласыңыз