News

National Institute of Intellectual Property

slide

QAZPATENT САРАПШЫЛАРЫ ПАВЛОДАР, АБАЙ ЖӘНЕ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТАРЫНЫҢ АУМАҚТЫҚ ӘДІЛЕТ ОРГАНДАРЫМЕН БІРЛЕСІП ОҚЫТУ ІС ШАРАЛАРЫН ӨТКІЗДІ

28 May, 2024

2024 жылы 28 мамырда Павлодар, 29 мамырда Абай және 30 мамырда Шығыс Қазақстан облыстарында тауар таңбаларын алдын-алу сараптамасы басқармасы басшысының орынбасары Асем Капбасова, тауар таңбалары, географиялық нұсқамалар және тауар шығарылған жерлердің атауларын сараптау басқармасының бас сарапшысы Раушан Габдулина Павлодар, Абай және Шығыс Қазақстан облыстарының аумақтық әділет органдарымен бірлесіп, Атамекен ҰКП базасында оқыту іс-шараларын өткізді. Аталған шара барысында QAZPATENT ұйымының жетекші сарапшылары қатысушыларға тауар белгілерін, географиялық нұсқамаларды тіркеу, өнеркәсіптік үлгілер мен бизнесті жосықсыз бәсекелестерден қорғау тәсілдері туралы өзекті ақпаратты ұсынды. Сондай-ақ қатысушыларға өтінім беру және жеке кабинетте жұмыс істеуде практикалық көмек көрсетілді.