National Institute of Intellectual Property
Өнертапқыштар назарына!
ҚР Әділет министрінің 2010 жылдың 10 наурызындағы №79, ҚР Индустрия және сауда министрінің 2010 жылдың 10 наурызындағы №74, ҚР Білім және ғылым министрінің 2010 жылдың 22 ақпанындағы №77/1 бұйрығына сәйкес Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Зияткерлік меншік құқығы комитеті мен Ұлттық зияткерлік меншік институты 2011 жылдың 22 сәуірінде Астана қ. жыл сайынғы Өнертапқыштық саласындағы жетістіктердің республикалық байқауын өткізеді.
Байқаудың мақсаты- қазақстандық ғылым мен өнертапқыштар үздік жетістіктерін атап өту және мадақтау, индустриялы- инновациялық қызметті қолдау.
Байқаудың міндеті: ҚР зияткерлік меншіктің рөлін арттыру, өнертапқыштық және инновациялық қызметті ынталандыру, инновациялық және өнертапқыштық салаларына инвестицияларды тартуға жәрдемдесу
Байқау «Өнертапқыштық саласындағы жетістіктердің республикалық байқауын өткізу туралы ережелеріне» сәйкес өткізіледі. Байқауға келесі номинациялар бойынша 2010 жылы берілген, жарияланған және заңдық күші бар өнертабысқа берілген инновациялық патенттер мен патенттері бар ұлттық патентиеленушілер қатысады.
• «Жылдың өнертабысы» - үш жүлде
• «Өнертапқыш-әйел»- екі жүлде
• «Ең жас өнертапқыш»
• «Ең белсенді өнертапқыш»
• «Жас дарын»
Байқау аясында «Жас дарын» номинациясы 14 жас пен 18 жас аралығындағы өнеркәсіптің жеке салаларында ғылыми- зерттеу жұмыстарымен айналысатын, болашағы мол зерттемелер қатарына жатқызылатын және сондай-ақ соңылық, техникалық деңгейі мен қолданылу барысындағы табыстылық және т.б. критерилерге жауап беретін еңбектері бар мектеп оқушылары мен студенттер қатарынан кандидат алынады. Аталған номинацияға инновациялық патентпен және патентпен қорғалмаған ғылыми еңбектер қатыса алады.
Сонымен қатар жеңімпаздарды Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының және Еуразия патенттік ведомствосының В.И.Блиников атындағы алтын медалімен марапаттау қарастырылған.
Жеңімпаздарды марапаттауға арналған салтанатты кеш Дүнижүзілік зияткерлік меншік ұйымы жариялаған Халықаралық зияткерлік меншік күні қарсаңында 2011 жылдың 22 сәуірінде Астана қ. өткізіледі.
Байқау шаралары туралы ақпарат БАҚ –да жарияланады.
Байқау туралы ақпарат пен өтінім нысаныwww.intellkaz.kz,www.kazpatent.kzсайттарында орналасқан
Сондай-ақ байқау туралы ақпараттарды 8(7172)50-28-98; 8(7172)50-29-04 телефондары арқылы кеңес секторынан алуға болады.
Байқауға қатысу туралы өтінімдер 2011ж. 28 наурызына дейін келесі мекен-жай бойынша қабылданады:
«ҰЗМИ» РМҚК, Өнертабыстарды, пайдалы модельдерді және селекциялық жетістіктерді сараптау қызметі
Қазақстан Республикасы, Астана қ-сы, Есілдің сол жағалауы, 010000,
Орынбор к-сі, 8-үй, Министрліктер үйі, № 13В-кіреберіс, № 4-корпус,
Тел: (7172)740630, факс: (7172)7406326
www.kazpatent.kz, e-mail:kazpatent@kazpatent.kz
Байланыс тел.: 8 (7172) 50-29-12, ішкі. 408, 437, 402.