National Institute of Intellectual Property
2012 жылғы 8-9 ақпанда Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитеті лицензиялық өнімді контрафактілік өнімнен айыру мәселесі бойынша оқу семинарын өткізді.
Семинар аумақтық әділет органдарының, құқық қорғау және кеден органдарының қызметкерлері мен сот сарапшылары үшін ұйымдастырылды.
2010 жылғы жұмыс нәтижесінде Қазақстан Республикасында бағдарламалық қамтамасыз етуге «қарақшылық» деңгейі 2% төмендеді.
Зияткерлік меншік саласындағы заңнаманы одан әрі жетілдіру бойынша қабылданып жатқан шаралар және осы саладағы заңнаманы сақтау нысанына тексеру іс-шараларын жүргізу арқасында еліміз зияткерлік меншік құқықтарын тиімсіз қамтамасыз ететін мемлекеттер тізімінен (301 – Бақылау тізімі) алып тасталды.
Сонымен қатар, егер бұрын дыбыстау-, бейнелеу өнімдері мен бағдарламалық өнімдер жасанды жасалса, қазір азық-түлік, дәрі-дәрмек, автобөлшектер және басқа да халық тұтыну өнімдері жасанды жасалатынын атап өту қажет.
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитеті төрағасының орынбасары Ш.Т. Әбдірееваалғы сөзінде контрафактілік өнімдерді тарату фактілерін анықтау мен жолын кесудің маңыздылығын атап өтті.
Алғы сөзінде Ш.Т. Әбдіреева «Адамдардың контрафактілік дәрі-дәрмек, нәрестелердің сүт өнімдерін және азық түлікті пайдаланудан улану фактілері бәріне белгілі.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша әлемдегі фармацевтикалық өнімдердің шамамен 6% контрафактілік. Айталық, Нигерияда парацетамолдың жасанды сиропы 109 баланың өмірін әкетті.
Жасанды авиациялық және автомобильдік қосалқы бөлшектерді пайдалану нәтижесінде болған апаттар белгілі. Мысалы, 1989 жылы Норвегия авиалайнері апатқа ұшырады, онда 55 адам қаза болды. Осы Апаттың себебі жасанды болттар. Мұндай мысалдар көп.
Тұтынушылар контрафактілік өнім сатып ала отырып пайда таппайды, керісінше үнемдеген ақшадан көп шығынға түсіп, қауқарсыз болады.
Авторлардың және құқық иеленушілердің рұқсатысыз, сондай-ақ түрлі технологиялық талаптарды сақтаусыз жасалған контрафактілік өнімдер халықтың денсаулығына нұқсан келтіреді, елдің экономикалық және ұлттық қауіпсіздігіне қатер туғызады.», деп атап өтті.
Осындай өнімдердің келуі мен таралуының жолын кесу бойынша іс-шаралардың тиімділігі мүдделі мемлекеттік органдардың біріккен жұмысына, сондай-ақ құқық иеленушілердің белсенділігіне байланысты екендігі назарға алынып, семинар құқық иеленушілер мен олардың өкілдерінің қатысуымен өтті. Қатысушылар арасында заңды тұлғалар бірлестігі «Қазақстанның авторлық және сабақтас құқықтарын қорғау ассоциациясы», «Атамұра» Корпорациясы» ЖШС, «Алматыкітап» Баспасы» ЖШС, «Келешек – 2030» ЖШС, «Фарммединдустрия» және Қазақстанның кондитерлер ассоциациялары, «HP» ЖШС, «Майкрософт», «NOKIA» корпорацияларының өкілдері және басқалары болды.
Семинарға қатысушылар өткізілген іс-шараның маңыздылығын атап өтті. Олар құқық қорғау органдарының, әділет органдарының және Сот сараптама орталығының қызметкерлерін шығаратын өнімдерінің контрафактілік өнімнен айыру ерекшеліктерімен таныстырды.
Семинарға қатысушылар іс-шараның көкейкестігін атап өтті.
Өнімдердің жасандылығын айыру сипаты туралы егжей-тегжейлі мәлімет алу бақылаушы органдарға зияткерлік меншік саласындағы құқық бұзушылықтың жолын кесу және ескерту бойынша іс-шараларды тиімдірек өткізуге мүмкіндік береді
Семинар жұмысының нәтижесінде қатысушылар аумақтарда зияткерлік меншік құқықтарын ти