News

National Institute of Intellectual Property

VII АСТАНА ЭКОНОМИКАЛЫҚ ФОРУМЫ АЯСЫНДАҒЫ «АНТИКОНТРАФАКТ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФОРУМЫ

10 April, 2014

2014 жылғы 21 мамырда Астана қаласында Тәуелсіздік сарайындаVIIАстана экономикалық форумының аясында«Антиконтрафакт»Форумы өткізіледі, оның ұйымдастырушысы – Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі.

«Антиконтрафакт»форумы, бұл–контрафактілі өніммен күрес, зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарды қорғау және тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің өркениетті нарығын қалыптастыру саласында билік, бизнес, ғылым өкілдерінің, құқық иеленушілердің, өндірушілердің, авторлар мен жұртшылықтың сындарлы сұхбат құруына арналған халықаралық алаң.

«Антиконтрафакт»Форумында:

- контрафактілі, жалған және сапасыз өнімнің айналымына қарсы іс-қимыл проблемалары;

- тағамдық және фармацевтикалық қауіпсіздік;

- интернетте пираттық музыкалық аудио және бейнеөнімнің таратылу мәселелері;

- сондай-ақ Кеден одағы шеңберінде зияткерлік меншік саласындағы заңнамаларды үйлестіру мәселелері талқыланады деп жоспарланып отыр.

«Антиконтрафакт»Форумының аясында бес сессия өткізілетін болады:

1-сессия. Кеден одағы шеңберінде зияткерлік меншікқұқықтарынсақтау және қорғау жөніндегі заңнамаларды үйлестіру мәселелері

Кеден одағының елдері өңірлік интеграцияны дамыту стратегиясын құра отырып, бірінші кезекте тараптардың өзара іс-қимыл жасасуын талап ететін қандай да бір мәселелерді құқықтық реттеудің бірыңғай жүйесін құруды бағдар тұтады. Осындай өзара іс-қимылдардың бірі – зияткерлік меншік саласы. Осы бағыттағы интеграцияда бірінші қадам осы саладағы құқықтық нормаларды жақындату және үйлестіру болып табылады.

2-сессия. Тағамдық, фармацевтикалық қауіпсіздік және балалартауарларының қауіпсіздігі – ұлт денсаулығының кепілі

Қазіргі таңда контрафактілі өнімнің таралу проблемасы Қазақстанда да орын алып отыр. Контрафактілі өнімнің таратылуы ел экономикасына: нарыққа халықтың қауіпсіздігіне, денсаулығына әсер ететін сапасыз өнімнің шығарылуы, салықтардың толық түспей қалуы және т.с.с. түрінде келеңсіз әсер етеді. Контрафактілі өнімнің ең көп үлесі киім мен аяқ киімнің еншісінде (олардың тиісті нарықтағы үлесі – 60-70%), екінші орында парфюмерия, косметика және жуу құралдары тұр (60-70%), одан әрі алкогольді және алкогольсіз сусындар (60%), фармацевтикалық бұйымдар (40-50%) орналасқан. Жекелеген тауар түрлерінің (ойыншықтар, балалардың киімі және аяқ киімі) арасында контрафактілі өнімнің үлесі 80%-ға дейін жетеді.

3-сессия. Интернет желісінде зияткерлік меншікқұқықтарын қамтамасыз ету

Цифрлық технологиялардың дамуы мен Интернет желісінің ұдайы кеңейіп бара жатқаны пайдаланушылар үшін жаңа мүмкіндіктер ашты. Келеңсіз құбылыстардың бірі – пираттық, бүгінгі күні музыкалық аудио және бейнеөнімдерде кеңінен таралып отыр. Интернет желісінде туындыларды заңсыз таратушы пайдаланушылардың жауапкершілігін қатаңдату әрдайым олардың тарапынан қатты қарсылық туғызады. Сондықтан пираттық проблемасы кеңінен талқыланып, оны шешу жолдары айқындап алынуға тиіс.

4-сессия. Контрафактілі өнімнің өндірілуі мен таратылуынақарсы іс-қимыл

Контрафактілі өнімнің таралу деңгейін төмендету мақсатында уәкілетті органдардың контрафактілі өнімнің таралу фактілерінің алдын алу және жолын кесу мәселелерінде тиімді өзара іс-қимыл жасасуы қажет. Кеден одағына мүше мемлекеттердің БЭК аумағында контрафактілі және жалған өнімнің өндірілуі мен таратылуына қарсы іс-әрекет бойынша өзара іс-қимылының стратегиясын жасап шығу қажет.

5-сессия. Зияткерлік меншік құқықтарын қамтамасыз ету –жосықсыз бәсекеден қорғау

Жосықсыз бәсекеден алдын ала қорғау шараларының бірі келтірілген залалға барабар санкциялар қолдану бойынша жеткілікті және нақты ережелерді заңнамалық деңгейде бекіту болып табылады. Контрафактілі өнімнің жолын кесу жөніндегі тиімді құқық қолдану практикасы да осындай мәселелердің регламенттелуіне тәуелді болып отыр.

«Антиконтрафакт» Форумының спикерлері мен қатысушылары: Қазақстан Республикасы, Ресей Федерациясы, Беларусь Республикасы Үкіметтерінің; Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының (ДЗМҰ); Еуразиялық Экономикалық комиссияның (ЕЭК); Дүниежүзілік кеден ұйымының (WCO); Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының; Интерполдың; Халықаралық тауар таңбалары қауымдастығының (INTA); Халықаралық фонограммалар өндірушілері федерациясының (IFPI); Африкалық зияткерлік меншік ұйымының, ТМД елдері мен алыс шетелдердің мемлекеттік органдарының, қоғамдық ұйымдардың, құқық иеленушілердің, ЖОО-лардың өкілдері және басқа да мүдделі тұлғалар.

«Антиконтрафакт»Халықаралық Форумын өткізу бағдарламасы

«Шапағат - 2014»өнертапқыштық саласындағы жетістіктердіңХІ республикалық конкурсын өткізу бағдарламасы