News

National Institute of Intellectual Property

«Зияткерлік меншік мәселелері бойынша ҚР заңнамалық актілері. Өнертабыстар мен пайдалы модельдерді құқықтық қорғау» тақырыбынла оқыту семинары

10 June, 2016
2016 жылдың 24 маусымында Қазақстан Республикасы Әділет министрігі Ұлттық зияткерлік меншік инситутының Алматы қ. филиалының Оқу орталығы «Зияткерлік меншік мәселелері бойынша ҚР заңнамалық актілері. Өнертабыстар мен пайдалы модельдерді құқықтық қорғау» тақырыбына оқыту семинарын өткізеді.
Семинарда зияткерлік меншік мәселелері бойынша ҚР-ң заңнамалық актілері; өнеркәсіптік меншік объектісі ретіндегі өнертабыс және пайдалы модель, өнертабыс пен пайдалы модельдің патентке қабілеттілік талаптары, сараптама жүйесі, патенттік құжаттама және ақпарат, халықаралық патенттік классификация; беру тәртібі, өтінім құжаттарының тізімі, өтінім құжаттарын рәсімдеуге қойылатын талаптар; өнертабыс пен пайдалы модель сипаттамасына қойылатын талаптар, өнертабыс пен пайдалы модель формуласы және оның мақсаты, өнертабыс пен пайдалы модельге формула құрудың және «құрылғы», «тәсіл», «заттек» сипаттамасын жасаудың ерекшеліктері; патенттік- ақпараттық іздеу жүргізу тақырыптары қарастырылады.
Дәрістерді «ҰЗМИ» РМК филиалының тәжірибелі қызметкерлері оқиды.
Семинар аяқталған соң филиал мамандары семинар барысында қозғалған, объектілерді құқықтық қорғау мәселелері және «ҰЗМИ» РМК көрсететін электронды қызметтер бойынша консультация беретін болады.
Семинардың басталу уақыты 2016 жылдың 24 маусымы, сағат 09.30-да.
Семинар бағдарламасы мен өтінім формасы аталған хабарлама қосымшасында берілген.
Семинарға қатысу тегін.
Барлық қызығушылық танытқан тұлғаларды семинарға шақырамыз.
Семинар өтетін жер: 050002, Алматы қ-сы, Мүслім және Ришат Абдуллиндер к-сі 6/1 (Жібек жолы көш. бұрышы), «ҰЗМИ» филиалының Оқу орталығы.
Семинарға қатысу өтінімін жоғарыда көрсетілген адрес бойынша немесе 8(727) 397-73-76 факсі арқылы, немесе edu.center@kazpatent.kzэлектрондық поштасына жіберуге болады.
Заявка
Бағдарлама