News

National Institute of Intellectual Property

Қытай Халық Республикасының Зияткерлік меншік жөніндегі мемлекеттік бюросының Комиссары Шен Чан Ю мырзадан алғыс хат

10 August, 2016

Құрметті Бекенов мырза ,
Қытай Халық Республикасының Зияткерлік меншік жөніндегі мемлекеттік бюросының және «Дәліз және жол» бойы орналасқан елдер үшін зияткерлік меншік мәселелері бойынша өткізілген Жоғары деңгейдегі конференцияны ұйымдастырушылары атынан Сізге және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Ұлттық зияткерлік меншік институтына конференцияға қатысты қолдау көрсеткен үшін шын жүректен алғыс білдіреміз. Мен Конференция кезінде Сізбен жұмыс істегеніме өте ризамын.
Конференцияның жұмысы ойдағыдай аяқталды. Пленарлық сессияны ҚХР Мемлекеттік кеңесшісі Ван мырза ашты. Конференцияға «Дәліз және жол» бойы және одан тыс орналасқан елдер мен аймақтардың зияткерлік меншік ведомстволарының, мемлекеттік органдарының, академиялық және бизнес қауымдастықтарының 300 өкілі қатысты. «Дәліз және жол» елдері үшін ұйымдастырылған зияткерлік меншік мәселелері бойынша дөңгелек стол барысында қатысушылар «Дәліз және жол» елдері арасында зияткерлік меншік саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға арналған Жалпы бастамаларды бір ауыздан қабылдады.
Дұрыс бағытты ұстана отырып және Жалпы бастамаларда (құжаттың көшірмесі қоса беріледі) мазмұндалған ұсыныстарға сәйкес, біздің ведомстволар және «Дәліз және жол» елдерінің ұйымдары арасындағы екі жақты ынтымақтастықтың дамуына сенім артамыз.
Құрметпен,
Қытай Халық Республикасының
Зияткерлік меншік жөніндегі мемлекеттік
бюросының Комиссары
Шен Чан Ю мырза