2017 жылы 30 қаңтарында «ҰЗМИ» РМК Шымкент қ. филиалы Ы. Жақаев атындағы Қазақ күріш шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зияткерлік меншік cаласындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобаласымен таныстыру мақсатында және өнеркәсіптік меншік объектілерін тіркеудің электрондық өтінім беру артықшылығы және процедурасы атты дөңгелек үстел өткізілді.
Дөңгелен үстел жұмысына Қызылорда облысы бойынша «Атамекен» КП, облыстың ғылыми ұйымдары және оқу орындарының өкілдері қатысты.
Дөңгелек үстелдің мақсаты азаматтар мен кәсіпкерлік субъектілердің мүдделерін білдіретін заң жобаларының негізгі ережелерін түсіндіру және талқылау болып табылады.