News

National Institute of Intellectual Property

ДЗМҰ Мадрид жүйесі мүше-мемлекеттерге тауар таңбасын тіркеу Мадрид жүйесі бойынша шәкіртақы бағдарламасы туралы ақпарат

21 February, 2017
Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының (ДЗМҰ) Халықаралық бюросы Мадрид жүйесі мүше-мемлекеттерге тауар таңбасын тіркеу Мадрид жүйесі бойынша шәкіртақы бағдарламасын жыл сайын бөледі.
Бағдарламаның басты мақсаты ДЗМҰ мен Мадрид жүйесінің мүше-мемлекеттері арасындағы ынтымақтастықты ілгері нығайту және оның тиімді қызмет етуі болып табылады.
ДЗМҰ Халықаралық бюросы 2010 жылдан бастап Мадрид жүйесі бойынша шәкіртақы бағдарламасын бастамашылық етті. Бағдарлама бір жыл және екі жыл аралығында ДЗМҰ штаб пәтерінде Мадрид жүйесі шеңберінде Келісілген тараптар ведомстволарының сарапшыларына орын бөледі, сол уақыт барысында әрбір сарапшы-шәкіртақы халықаралық тәртіп жөнінде тікелей тәжірибе алу және ведомствоға қайтқанда ДЗМҰ-ның халықарлық бюросы мен ұлттық ведомствосы арасында маңызды операциялық буын болып келеді.
Жыл сайын Мадрид жүйесінің барлық мүше-мемлекеттер сарапшылары қатыса алатын, ДЗМҰ конкурс басталуы жөнінде хабарлайды.
Бағдарламаға қатысу ережелеріне сәйкес, Мадрид протоколы шеңберінде жұмыс тәжірибесі бар халықаралық таңбаны тіркеудің тәртібін қоса алғанда мүдделі ведомстволары тауар таңбасы бойынша әлеуетті кандидатураларды анықтау беріледі. Кандидатар электрондық ресурстар және коммуникациялармен жұмыс істей алатын талапқа сай болуы қажет.
Кандидатармен сұхбат жүргізіледі, нәтижесінде бір сарапшы таңдалады.
Осылай, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі «Ұлттық зияткерлік меншік институты» Республикалық мемлекеттік кәсіпорны Тауар таңбаларына халықаралық өтінімдерді сараптау басқармасының басшысы Турганова Галия Мадрид жүйесі бойынша тауар таңбасы шәкіртақы бағдарламасына қатысты.
Қорытынды сұхбат нәтижесі бойынша, Турганова Галия көрсетілген шәкіртақы иегері болды және ағымдағы жылдың 1 наурызынан бастап ДЗМҰ штаб-пәтерінде жұмыс істейді.
Ұлттық зияткерлік меншік институты сарапшылары Бағдарламады бірінші рет қатысып отыр. Қатысу нәтижесінде біздің ведомствоның сарапшылары жоғары кәсіби деңгейді көрсетіп және өз саласында бәсекеге қабылетті екендігін дәлелдеді.Кәзіргі таңда «ҰЗМИ» РМК осы бағытта жұмысты нығайтуды жоспарлап отыр. Қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтың басты артықшылығы болып табылады.