News

National Institute of Intellectual Property

slide
slide
slide
slide
slide
slide

2018 жылдың 26 сәуірінде Алматы қ. «Ұлттық зияткерлік меншік институты» филиалы «ХХІ ғасырдағы инновациялар мен зияткерлік меншік» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік семинар өткізді

28 April, 2018

2018 жылдың 26 сәуірінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Алматы қ. «Ұлттық зияткерлік меншік институты» филиалы «ХХІ ғасырдағы инновациялар мен зияткерлік меншік» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік семинар өткізді.

Ғылыми-тәжірибелік семинар келесідей мәселелерге арналды:

  • инновациялық процестердегі өнертабыстардың рөлі және оларды құқықтық қорғау;
  • өнеркәсіптік үлгілерді тіркеудің артықшылықтары;
  • инновациялық қызметтегі зияткерлік меншік;
  • жоғары оқу орындарының өнертапқыштық қызметі;
  • ғарыштық техника және технология институтының инновациялық әзірлемелері;

Семинар жұмысына университет өкілдері, патенттанушылар, өнертапқыштар және ҰЗМИ филиалының қызметкерлері қатысты.

Аталған шараға спикер ретінде:

  1. Б.С. Құрманғали, Зияткерлік меншік иелері қауымдастығының президенті;
  2. С.А. Юсупов, Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ-ң патентанушысы
  3. Д.Г. Кемешова, Ғарыштық техника және технология институтының ғылыми қызметкері;
  4. И.И. Гирина, Физика-техникалық институтының патенттанушысы
  5. Г.У. Жакитова, Алматы қ. «ҰЗМИ» филиалының Өнертабыстар бойынша патенттік зерттеулер басқармасының басшысы;
  6. Т.В. Горбунова, Тауар таңбалары мен өнеркәсіптік үлгілерді талдаулық зерттеулер бөлімінің бас сарапшысы сөз сөйледі.

Бұдан бөлек, 2018 жылғы Халықаралық зияткерлік меншік күнінің«Өзгеріс күшінің қозғалтқышы: Инновация және шығармашылық саласындағы әйелдер» тақырыбына орай аталған шараға М.К. Алимарданова қатысты. М.К. Алимарданова өнертапқыштық саласындағы жетістіктердің «Шапағат-2016» Республикалық байқауының «Өнертапқыш әйел» номинациясының жеңімпазы. Ол өз кезегінде зияткерлік меншік саласындағы әйел өнертапқыштардың техникалық, шығармашылық және тәжірибелік жұмыстарын атап өтті.