National Institute of Intellectual Property
2018 жылы 10 шілдеде Орталық коммуникациялар қызметінде Республикалық оқушылар арасында көлік саласындағы конкурсқа арналған баспасөз конференциясы өтті.
Брифингте толықтай конкурс туралы ақпаратпен Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының Қоры атқарушы директоры Сұлтан Айтжанов, ҚР ӘМ Зияткерлік меншік құқығы департаменті директоры Қарлығаш Есембаева, ҚР ӘМ «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК-н директоры Ербол Оспанов, ҚР ӘМ «ҰЗМИ» РМК Даму және халықаралық ынтымақтастық басқарма басшысы Айдын Артыкова сөз сөйледі.
Конкурс ұйымдастырушыларыҚазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының Қоры және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі, ҚР ӘМ «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК болып табылады.
Конкурстың бірлескен ұйымдастырушысы франк-британдық Крэнфилд ғылыми-зерттеу университеті (Ұлыбритания), сондай-ақ Назарбаев университеті болып табылады. Конкурстың әріптестері ретінде Эйр Астана Ұлттық тасымалдаушысы және«Samruk-Kazyna Trust» КҚ болыптабылады.
Конкурстың басты мақсаты көлік түрлерін жобалауда және құрастыруда оқушылардың қызығушылығын жоғарлату, өнертапқыштық қызметін, сондай-ақ оқушылардың мамандықты саналы таңдауды ынталандыруды қалыптастыру болып табылады.
Конкурс жеңімпаздары 2018 жылы 19 -26 тамыз аралығында Лондон қаласына (Ұлыбритания) оқу-танымдық іс-сапарына баруға мүмкіншілік тудырады.
Баспасөз конференциясы қорытындысы бойынша баяндаушылар мектеп оқушыларын өнертапқыштық қызметіне белсенді болуына шақырды және барлық қатысушыларға сәттілік тіледі.