National Institute of Intellectual Property
2018 жылдың 29 тамызында Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі «Ұлттық зияткерлік меншік институтының» Алматы қ. филиалында филиал ұжымының Тәжікстан Республикасы патенттік ведомствосының өкілдерімен кездесуі болып өтті.
Аталған шараға филиал басшылығы мен бөлім басшылары қатысты. Алғы сөзді филиал директоры З.О. Орынбекова алып, қонақтарға филиал қызметі туралы ақпарат беріп, зияткерлік меншік саласындағы заңнамадағы негізгі өзгерістер мен толықтыруларға тоқталып өтті. Сондай-ақ, әрбір бөлім басшысы өз бөлімінің қызметі туралы мәлімет берді. Бұдан басқа Өнертабыстар бойынша патенттік зерттеулер басқармасының бас сарапшысы Ш.Ж. Әлімбеков «Патенттік-ақпараттық іздеу жүргізу әдістемесі» тақырыбында дәріс оқыды.
Өз кезегінде шетел қонақтары жаңа заңнама туралы, әрбір бөлім қызметі жайында және патенттік-ақпараттық іздеу жүргізу бойынша сұрақтар қойды.
Шара соңында Тәжікстан Республикасы патенттік ведомствосының Ғылыми-техникалық және патенттік ақпарат бөлімінің басшысы К.Х. Миралиев өткізілген кездесу мен берілген ақпарат үшін филиал басшылығы мен ұйымдастырушыларға өз ризашылығын білдірді.