National Institute of Intellectual Property
2018 жылдың 06 қыркүйегінде «ҰЗМИ» РМК Алматы қ. филиалының Оқу орталығы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Заң факультетінде 3-курс студенттері арасында «Авторлық құқық негіздері» тақырыбында семинар өткізді. Аталған шараға лектор ретінде Оқу орталығының бас маманы Б.О. Назаров қатыстып, авторлық құқықтың негізгі ережелері туралы мысалдар арқылы кеңінен ақпарат берді.
Өз кезегінде студенттер өз авторлық құқықтарын қорғау, құқықбұзушыны жауапкершілікке тарту, бөтеннің авторлық құқығын заңды түрде пайдалануға қатысты және т.б. сұрақтар қойды. Барлық қойылған сұрақтарға лектор толық жауап беріп, авторлық құқықты бұзу мен қорғау бойынша мысалдар келтірді.
Шара соңында аталған факультет оқытушысы Д.А. Оспанова берген ақпарат үшін ұйымдастырушыларға және лекторға алғыс білдіріп, алдағы уақытта да ынтымақтастыққа үміт артты.