News

National Institute of Intellectual Property

slide

Өзбекстан Республикасы Әділет министрлігінің өкілдері «ҰЗМИ» РМК-ға келді

21 September, 2018

А.ж. 20 қыркүйегінде Өзбекстан Республикасы Әділет министрлігі өкілдері: Заңды қызметтерді үйлестіру басқармасының орынбасары С. Абдуллаев мырза және Мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін сараптау басқармасының бас кеңесшісі Д. Суфиева ханым мемлекеттік қызметтерді көрсету сұрақтары бойынша «ҰЗМИ» РМК ға сапармен келді.

Кездесуге «ҰЗМИ» РМК басшылығы мен департамент басшылары қатысты. Алғы сөзді «ҰЗМИ» РМК директорының орынбасары Н. Абулкаиров алды. «ҰЗМИ» РМК Даму және халықаралық ынтымақтастық басқармасының басшысы А. Артыкова Институттың қызметі туралы, оның басымды бағдарлары және зияткерлік меншік саласының заңнамасында жасалған маңызды өзгертулері туралы айтып өтті.

Ары қарай, «Зияткерлік меншік саласында мемлекеттік қызметтер» тақырыбында құқықтық қамтамасыз ету және мемлекеттік қызметтерді мониторингілеу басқарма басшысының орынбасары А. Алмасова таныстырылымын ұсынды. Таныстырылым барысында ҚР Әділет министрлігі тарапынан атқарылатын мемлекеттік қызметтермен толықтай таныстырып, қызметтердің мерзімі туралы заңнамадағы жаңа өзгертулері жайлы, Институттың сараптамалық құзіретіне авторлық құқықтың енуі туралы және зияткерлік меншікті тіркеудің бір деңгейлі жүйесін құру туралы айтып өтті.

Өз кезегінде, шетелдік қызметтестер Өзбекстан Республикасының Үкіметі кәсіпкерлік пен инновацияға демеу жасауға бағытталған әкімшілік реформа концепциясын қабылдағаны туралы айтып өтті.

Шетелдік қызметтестер сараптамалық бөлімдер қызметкерлерінің жұмыс орнына кіріп, зияткерлік меншік объектілерін сараптау жайлы сұрақтар қойды.

Қонақтар кездесу соңында өткізілген кездесу мен берілген ақпарат үшін «ҰЗМИ» РМК басшылығына өз ризашылығын білдірді.